Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары



бет10/17
Дата01.11.2022
өлшемі73,69 Kb.
#46698
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары-melimde.com

Педагогтер (басшылар, басшының орынбасарлары) жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жыл ішінде өткізеді. Бұл ретте педагогте осы кезеңде бар біліктілік санаты сақталады.

Педагог (басшы, басшының орынбасары, әдіскер) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде күнтізбелік бір жылға Біліктілік тестілеуінен босатылады. Бұдан әрі жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.

біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан); біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.


Осы Қағидалардың 87-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

Зейнет жасы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлікке шығуға екі жылдан аз қалған зейнеткерлік жасқа дейінгі педагогтер Біліктілік тестілеуінен босатылады.

Зейнетке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негізде өтеді.

Біліктілік санатын жалпы негізде беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет