«Педагог-сарапшы» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер (осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда) қатысады
«Педагог-сарапшы» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер (осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда) қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
ағылшын тілін С1 (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
білім беру ұйымдарына өндірістен (білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау бейініне сәйкес келетін ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар), бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог»атағына ие болған адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;
облыс, ел телевидениесінде трансляциялауға енгізілген бейне-, теле сабақтар дайындаған адамдар.