Таңдау бойынша дене шынықтыру педагогтері үшін: - ) 1) "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;
- 2) "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;
- не тиісті уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес (білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін таңдау бойынша тапсыра алады.
Мынадай балл алған жағдайда тестілеу нәтижесі оң болып саналады: - Орта білім беру ұйымдарының педагогтері
Санат
|
Блок
|
Пәндер бойынша балл
|
Біліктілік тестінен өту үшін (%)
|
Біліктілік тестінен өту үшін (балл)
|
Педагог-
модератор
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
70
|
60%
|
42
| |
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
40%
|
12
|
Педагог-
сарапшы
|
Оқу пәнінің
мазмұны
|
70
|
70%
|
49
| |
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
50%
|
15
|
Педагог-
зерттеуші
|
Оқу пәнінің
мазмұны
|
70
|
80%
|
56
| |
Педагогика,
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
60%
|
18
|
Педагог-
шебер
|
Оқу пәнінің
мазмұны
|
70
|
90%
|
63
| |
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
70%
|
21
| Біліктілік тестілеуінің уақыты: - Біліктілік тестілеуінің уақыты:
- "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – екі жүз қырық минутты;
- "Мектепке дейінгі білім беру" және "Қосымша білім беру" бағыттары үшін – жүз жиырма минутты;
- өзге педагогтер үшін – екі жүз он минутты құрайды.
27. Біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін өткізу пункттеріндегі аудитория және әрбір педагогтің орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. - 27. Біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін өткізу пункттеріндегі аудитория және әрбір педагогтің орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
- 28. Заттар табылған және аудиторияда мінез-құлық қағидаларын бұзған педагог аудиториядан шығарылған немесе тестілеуде бөгде адам анықталған жағдайда осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.
- 29. Бейнежазбаны қарау кезінде тестілеуді өткізу ережесін бұзу фактілері анықталған жағдайда акт жасалады және нәтижелері жойылады.
30. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы – "білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін) төмендетіледі.
31. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде оның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып сәйкестендіру немесе жеке басын куәландыратын құжаттың және рұқсаттаманың негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.
32. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және ілесіп жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдарды алып шығуға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.
33. Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу және эссе жазу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |