Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы


-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі



бет5/8
Дата22.09.2024
өлшемі87,57 Kb.
#145196
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Правила каз

3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі

  1. Президенттік кадр резервіне кірген тұлғаларға жұмысқа орналасу кезінде Комиссия шешімімен аттестаттау рәсімінсіз «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.

  2. «Педагог-модератор» біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу кезінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 5 (бес) соңғы жыл жұмыс өтілі бар тұлғаларға өтініш негізінде аттестаттаудан өтпей беріледі.

«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу кезінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша соңғы он жылдан астам жұмыс өтілі бар тұлғаларға өтініш негізінде аттестаттаудан өтпей беріледі.

  1. Аттестаттаушы органның комиссиясы өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат (CEFR) негізінде ПББ рәсімінен өтпей біліктілік санатын береді: ағылшын тілі (С1), француз және неміс тілі (В2):

«педагог-модератор» - кемінде 1 (бір) жыл педагогикалық өтілі бар шет тілдерінің (ағылшын, неміс, француз) педагогтеріне;
«педагог-сарапшы» - кемінде 2 (екі) жыл педагогикалық өтілі бар шет тілдерінің (ағылшын, неміс, француз) педагогтері.
Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.

  1. Аттестаттаушы органның комиссиясы тілді меңгеру деңгейінің халықаралық сертификаты және педагогикалық қайта даярлау туралы құжат болған кезде педагогикалық білімі жоқ тұлғаларға өтініш негізінде ПББ рәсімінен өтпей біліктілік санатын береді:

«педагог-сарапшы» - кемінде 2 (екі) жыл оқытушылық өтілі бар;
«педагог-зерттеуші» - кемінде 3 (үш) жыл оқытушылық өтілі бар.
Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған педагогтерге өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ біліктілік санаты беріледі:

жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – «педагог-модератор»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар педагогтерге – бір деңгей жоғары.
Басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде педагог арнаулы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда айқындалатын мерзімдерде өткізіледі.

  1. Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен және кадр резервіне кірген педагогтерге лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ «жетекші-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет