2-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау тәртібі 86. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға арналған педагог материалдары Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) педагог қызметінің бағыттары бойынша әр түрлі дерекқорлардың құжаттарын (мәліметтерді) интеграциялау арқылы қалыптасады (білім алушылардың үлгерімі мен оқыту сапасы; білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және педагогтердің конкурстарда, олимпиадаларда, жарыстарда, чемпионаттарда жетістіктері; тәжірибені жинақтау (трансляциялау), әдістемелік материалдарды әзірлеу, педагогикалық қоғамдастықтағы өзара әрекеттесу, біліктілікті арттыру).
Педагогтерді кәсіби белсенділікке ынталандыру үшін Платформа жыл сайын жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Платформада педагогтің жеке профиліне қолжетімділік педагогке, аттестаттаушы органның жауапты тұлғасына, Комиссияға материалдарды жүктеу құқығынсыз беріледі.
Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдарын білім беру ұйымы қалыптастырады және тиісті деңгейдегі Комиссияға электрондық жеткізгіштерде немесе қағаз форматта жіберіледі.
87. Комиссия платформада осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау критерийлеріне және педагог қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
Платформа жұмыс істей бастағанға дейін Комиссия педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдарын электрондық немесе қағаз форматта қарайды.
4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшы орынбасарларын, бөлім басшыларын, басшы орынбасарларын, басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі 88. Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшы орынбасарын; (әдістемелік кабинет (орталық) басшысын, басшы орынбасарын, бөлім басшысын (меңгерушісін) және (әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерін аттестаттаудан өткізу дайындығын аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты адам) ұйымдастырады және келесі іс-шараларды қамтиды:
1) аттестатталушы орган басшысының бұйрығымен Комиссия құрамын және аттестаттауды өткізу кестесін жыл сайын бекіту, аттестатталушылар тізімін айқындай отырып қажеттілігіне қарай түзету.
2) ПББ өткендігі туралы сертификатты (білім беру ұйымдарының басшы орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарларын қоспағанда), аттестатталушының біліктілік бағасына сәйкестігі туралы құжаттарды, осы Қағидаларда айқындалған қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, олардың орындалуын растайтын құжаттармен қоса дайындау. Көрсетілген құжаттар белгіленген тәртіппен расталады, Платформаға (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жүктеледі.
89. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) аттестатталушыларды жыл сайын аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жазбаша хабардар етеді.
90. Платформаға құжаттардың толық емес топтамасын жүктеген кезде аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады және Платформада орналастырады.
91. «Басшы», «басшы орынбасары», «әдіскер» біліктілік санаттары аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ лауазымға тағайындалған кезде куәлікпен беріледі.
92. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарларын, бөлім басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі және осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген кезеңдерді қамтиды.
93. Біліктілік санаты үш жылға жарамды. Біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы, білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері осы Қағидалардың 4, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша аттестаттауға өтінішті, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне сай Платформа арқылы (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) Комиссияға береді.
94. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы, білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері реттілігін сақтамай, қызметтің тиімділігі көрсеткіштерінің орындалуын ескере отырып біліктілік санатын алуға өтініш беруге құқылы.
Келесі біліктілік санаттарын беру (растау) реттілік қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
95. Аттестаттау кезінде білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлімнің басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ПББ өтеді.
Аттестаттау кезінде мәлімделген біліктілік санатынан төмен ПББ нәтижесін алған білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ПББ нәтижелері бойынша тиісті санатқа сәйкес қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын кешенді талдамалық жинақтауға жіберіледі.
Аттестаттау кезінде «басшы-ұйымдастырушы» («үшінші біліктілік санатының әдіскері») тиісті санатынан төмен ПББ нәтижесін алған білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
96. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) Комиссияға аттестаттау кезеңіндегі біліктілік бағасын қоса алғанда, қызмет тиімділігі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау үшін Платформада аттестатталушының жеке кабинетіне қолжетімділікті береді (материалдарды жібереді).
97. Ұсынылған материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады.
98. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
99. Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
2) өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
3) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады);
100. «Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» («қайта аттестаттауға жатады») , «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді, қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді) шешімін қабылдаған жағдайда, Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді, Платформада аттестатталушының жеке кабинетінде осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні орналастырады.
101. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады)» шешімін қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының және білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарының қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, бұдан соң – біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.
102. Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері Комиссия айқындаған және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде қайта аттестаттаудан өтеді.
103. Қайта аттестаттауды өткізу кезінде Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
өтініш берілген біліктілік санатын растай отырып сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді).
104. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді) шешімін қабылдаған кезде үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді, Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) аттестталушының жеке кабинетінде осы Қағидалардың 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні орналастырады. Комиссияның шешімі аттестатталушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде еңбек шартын жасаған ұйымның басшысына ұйымдық-кадрлық шешімдер қабылдау үшін жіберіледі.
105. Білім беру ұйымы басшысының (басшы орынбасарының) бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысуы кезінде қолданыстағы біліктілік санаты басшы (басшының орынбасары) лауазымы шеңберінде қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады.
Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының орынбасары лауазымына ауысқан кезде және керісінше, сол немесе өзге білім беру ұйымы шеңберінде басшының (басшы орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты осы лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
106. «Үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы» біліктілік санаттары бар басшыларға тиісінше «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», «басшы-көшбасшы» біліктілік санаттары беріледі.
Берілген санат бұрынғы санаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
5-тарау. Білім беру ұйымдары басшыларын, басшы орынбасарларын, бөлім басшыларын, басшы орынбасарларын, басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жалпы ережелері 107. Комиссия шешімі осы Қағидалардың 1-қосымшасына (педагогтерді, бөлім басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін аттестаттау үшін) және 18-қосымшасына (білім беру ұйымдары басшыларының, басшы орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының, басшы орынбасарларын аттестаттау үшін) сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған хатшы және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды және Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жарияланады.
108. Аттестатталушы Комиссияның шешімімен Платформада өзінің жеке кабинетінде танысады.
109. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау) / атқаратын лауазымына сәйкес (сәйкес еместігі) туралы бұйрық шығарады.
110. Бұйрық негізінде осы Қағидалардың 19-қосымшасының нысанына сәйкес біліктілік санатын беру (растау) бойынша аттестаттау туралы куәлік беріледі.
111. Біліктілік санатын беру (растау) бойынша аттестаттау туралы куәлік 20-қосымшасының нысанына сәйкес тіркеу журналында тіркеледі және Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) педагогтің өзінің жеке кабинетінде жарияланады.
112. Педагогтерге біліктілік санаты үшін қосымша ақы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларында белгіленеді.
113. Аттестаттау рәсімінде және біліктілік санаттарын беруде бұзушылықтар анықталған жағдайда аттестаттаушы органның Комиссиясы біліктілік санатын беру туралы шешімді дербес немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
114. Шығарылған шешімді қайта қарау тәртібін Комиссия дербес айқындайды.
115. Бақылау органдары аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау рәсімінің өткізілуіне іріктеп бақылау жүргізеді.