Педагогтердің білімін бағалауға өтініш беруге арналған қосымшаны пайдалану нұсқаулығы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.03.2023
өлшемі0,85 Mb.
#77004
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Интсрукция ПЗ НКТ каз



Педагогтердің білімін бағалауға өтініш беруге арналған
қосымшаны пайдалану нұсқаулығы 
Осы қосымша Педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау үшін 
арналған.
Қосымшаны ашу үшін браузердің мекенжай жолына 
https://app.testcenter.kz
сайтының мекенжайын енгізу қажет. Интерфейс тілін таңдау парақшасы ашылады
(1-сурет). 
1-сурет. Интерфейс тілін таңдау парақшасы 
Тестіленуші өз ыңғайына қарай интерфейс тілін таңдайды (қазақша/орысша). 
Интерфейс тілін таңдағаннан кейін Кіру/Тіркелу парақшасы ашылады (2-сурет). 
2-сурет. Кіру/Тіркелу парақшасы 
Бұл парақшада «Ұлттық тестілеу орталығы» ұйымының логотипі мен атауы, 
интерфейс тілін ауыстыруға арналған батырма, Кіру/Тіркелу нысаны және құпиясөзді 
қалпына келтіруге арналған батырма бар.
Өтініш беру үшін тестіленуші электрондық поштасы арқылы қосымшаға тіркеліп, 
тестілеу түрін таңдауы және өтініш беруге арналған нысанды толтыруы қажет. 
Тіркелу 
 
Қосымшаға тіркелу үшін Кіру/Тіркелу парақшасында «Тіркелу» бөлімін таңдау 
қажет (3-сурет). 


 
3-сурет. Кіру/Тіркелу парақшасы («Тіркелу» бөлімі) 
 
Электрондық поштаның мекенжайын (бұл электрондық пошта қосымшаға кіру 
үшін логин ретінде қолданылады) енгізу қажет. 
Ескертпе. Бір электрондық пошта арқылы бір ғана қолданушы тіркеле алады. 
Мәліметтер енгізілгеннен кейін «Тіркелу» батырмасын басу керек. 
Көрсетілген электрондық поштаға электрондық поштаны растауға арналған 
сілтемесі бар хат жолданады (4-сурет). 
4-сурет. Тіркелуді растайтын хат 
Тестіленуші электрондық поштасын ашып, хатта көрсетілген сілтеме арқылы өтуі 
қажет (5-сурет). Егер хат электрондық поштаның «Кіріс» жәшігінен табылмаса, «Спам» 
және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет.
5-сурет. Электрондық поштадағы тіркелуді растайтын хат


«Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басу арқылы мәліметтерді толтыру 
парақшасы ашылады (6-сурет). 
6-сурет. ЖСН бар ҚР азаматтарының жеке мәліметтерін енгізу парақшасы
Т.А.Ә. өрістерін толтыру үшін ЖСН-ді енгізіп, іздеу батырмасын басу қажет. 
«Сақтау» батырмасын басып, «Менің парақшам» парақшасына өту қажет (7-сурет). 
7-сурет. Жеке мәліметтері толтырылған парақша
ЖСН жоқ азаматтарға «ҚР ЖСН жоқ» бөлімінде келесі өрістерді енгізу қажет (8-
сурет): 
- Тегі; 
- Аты; 
- Әкесінің аты; 
- Ұлты; 
- Азаматтығы; 
- Жынысы; 
- Туған күні; 
- Құжат нөмірі; 
- Байланыс телефоны. 
Мәліметтерді енгізгеннен кейін «Сақтау» батырмасын басып, «Менің парақшам» 
парақшасына өту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет