23-сурет. «Өтініш» парақшасы. «Тестілеу параметрлері» бөлімі
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары» тестілеу
типін таңдаған жағдайда «Тестілеу параметрлері» бөлімінде (24-сурет) келесі
мәліметтерді толтыру қажет:
1) оқу пәнінің түрін таңдау;
2) «Тестілеу блогы» өрісінде пәнді/Мамандықты таңдау;
3) тест
тапсыру тілін таңдау;
4) тест тапсыру облысын таңдау;
5) тест
тапсыру орнын таңдау;
6) тест тапсыру уақытын таңдау;
7) педагогтердің білімін бағалауды өткізу туралы
ережемен келісетіндігін растап,
ұяшыққа белгі қою қажет.
Тестілеу ережесімен танысқан соң «Өтініш беру» батырмасын басу қажет. Егер
өтініш сәтті берілсе, «Өтінішіңіз сәтті қабылданды» деген хабарлама шығады.
24-сурет. «Өтініш» парақшасы. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары педагогтарына арналған «Тестілеу параметрлері» бөлімі
Менің іс-әрекетім
Өтініш сәтті қабылданғаннан кейін өтініштің карточкасы бар парақша ашылады.
Берілген өтініш «Менің іс-әрекетім» парақшасында болады. Ол үшін «Менің іс-әрекетім»
бөліміне бүйірлік мәзір арқылы өту қажет (25-сурет).
25-сурет. «Менің іс-әрекетім» парақшасы
Өтініштің карточкасын толық ашу үшін
батырмасын басу қажет.
Өтініштің
негізгі мәліметтері ашылады (26-сурет).
26-сурет. «Менің іс-әрекетім» парақшасы. Өтініштің карточкасы
Берілген өтінішке өзгеріс енгізу керек болса, «Өтінішті өңдеу» батырмасын басып,
тиісті өзгерістер енгізу қажет. Ақпаратты түзеткен соң «Сақтау» батырмасын басу керек.
Өтінішті жою керек болса, «Өтінішті жою» батырмасын басу қажет (27-сурет).
27-сурет. «Менің іс-әрекетім» парақшасы. Өтінішті жоюды растау
Тестілеу аяқталған соң осы парақшада сертификат қолжетімді болады (28-сурет).
Оны жүктеп алу үшін «Сертификатты тексеру» батырмасын басу қажет.
«Эссені көру» батырмасы арқылы тестілеу барысында
жазылған эссені көру
мүмкіндігі бар.