ИНФОГРАФИКА ЖӘНЕ ГРАФИКТЕР ҚҰРУ ҮШІН ҚҰРАЛДАР Canva – мыңдаған шаблондармен графика құруға арналған онлайн-платформа.
Сілтеме: https://www.canva.com/ PosterMyWall – оқу немесе мектеп жобаларын өткізу үшін графика, плакаттар мен бейнелер жасауға арналған онлайн-платформа.
Сілтеме: https://www.postermywall.com/ Pictochart – оқытушылар да, оқушылар да әртүрлі білім беру мақсаттарында қолдана алатын цифрлық құрал. Бұл құрал инфографика, презентациялар, плакаттар және басқа да көрнекі материалдарды жасауға мүмкіндік береді.
Сілтеме: https://piktochart.com/ Visme – мұғалімдер мен оқушыларға көрнекі мазмұны бар презентациялар, инфографика, есептер және басқа материалдар жасауға мүмкіндік беретін сандық құрал. Сілтеме: https://www.visme.co/ Storybird – интернеттегі цифрлық әңгімелер, суреттері бар кітаптар құрастырушысы. Дизайнер цифрлық әңгімелер жасау үшін шаблондар мен суреттер ұсынады. Бұл құралдың көмегімен мұғалімдер интернетте интерактивті және көркем кітаптар жасай алады
БЕЙНЕЖАЗБАЛАР ҚҰРУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР Movavi құны төмен, пайдалы қосымшалардың болуымен ерекшеленеді. Сілтеме: https://www.movavi.ru Camtasia – түсінікті және ыңғайлы интерфейс.
Сілтеме: https://www.techsmith.com/video-editor.html oCam Screen Recorder – орыс және т.б. тілдерде қолжетімді бағдарлама. Сілтеме: http://ocam-screen-recorder.ru/ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПАКЕТТЕР МЕН ҚҰРАЛДАР Cabri Geometry – динамикалық геометрия пакеті. Ол орта мектепте геометрия мен тригонометрияны оқыту үшін, орта мектеп пен университет деңгейінде білім алу үшін және математиктердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында құрал ретінде қолданылады
Geometryx – бұл геометриялық фигуралар мен денелердің негізгі мәндері мен параметрлерін тез және ыңғайлы есептеуге мүмкіндік беретін қосымша