4. Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні мен құрылымы.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар,жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Мұғалім еңбектерінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалды мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытты дамып, көркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Мұғалім тұлғасында болуы керек қасиеттер :
Мұғалім тұлғасында болуы керек қасиеттер :
1. Жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
2. Балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;