|
-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі Заңы. Бала құқығы»
біздің бәрімізге ортақ ережелер мен тәртіп бар. Ол ережелер мен тәртіптер жиынтығы Заң деп аталады. Яғни біз барлығымыз бір заңға бағынамыз.Ол Конституция деп аталады. Бұл заңда біздің құқықтарымыз және міндеттеріміз көрсетілген. Құқық – бізге рұқсат етілген, істеуге болатын нәрселер, ал міндет – біз істеуге, орындауға тиіс нәрселер. Мысалы сендер қазір мектепте білім алып жүрсіңдер, бұл – сендердің құқықтарың, оған ешкім шектеу қоя алмайды. Сонымен қатар сендер орта білім алуға міндеттісіңдер. Міне осындай біздің көптеген құқықтарымыз бен міндеттеріміз жинақталған заң - Конституция болып табылады. ҚР Конституциясы - заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол 1995ж. 30 тамызда қабылданды. Заң – жалпы тәртіптік шара. Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.Конвенция – балалар құқығы туралы шарт. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ «Бала құқығы туралы» Конвенция қабылдады. Бұл құжат бала-ның жан-жақты өсіп жетілуіне,болашағына жол ашатын бірден-бір құжат. Осы ұйымға мүше болған Қазақ елі де осы құжатқа қол қойды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін , балалар туралы түрлі мәселелерді шешу мақсатында 2002 жылы 8 тамызда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды.
5- тапсырма: «Менің құқықтарым» жобасын жасау.
- Балалар, сендер өз құқықтарыңды біліп алдыңдар. Ендеше қазір сендер мына суреттер мен плакатты, бояуларды пайдаланып, «Менің құқықтарым» деген жоба жасайсыңдар.
ІІІ Рефлексивті-коррекциялаушы бөлім
Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
«Бағдаршам»: Балалар өз көңіл-күйлерін, сабақтан алған әсерлерін дөңгелектермен көрсетеді: жасыл дөңгелек – өте жақсы, сары дөңгелек – жақсы, қызыл дөңгелек – орташа.
Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет, жақсы қатыстыңдарың үшін!
|
Слайд арқылы балаларды құқықтарымен таныстыру.
2-тапсырма: «Суреттер сөйлейді» (Оқушылар суреттер бойынша құқықтарын айтады)
3-тапсырма: «Құқық театры» (Бір топтың балалары ыммен, қимылмен құқықтардың бірін көрсетеді, екінші топ қандай құқық екенін айтады.)
4-тапсырма: «Заңды жақсы білесің бе?» (Оқылған жағдаяттарды тыңдап, құқық бұзушылық болса - қызыл түсті, керісінше болса - көк түсті көтереді.)
Марат қала сыртындағы қоқыстан алтын сақина тауып алады. Оны ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды. Ол құқық бұзды ма, яғни қылмыс жасады ма?
o Оқушысы Асқар автобуста жол ақысын төлеген жоқ. Билет тексеруші билет немесе жол билетін көрсетуді талап етті. Асқардың қолында біріншісі де, екіншісі де болған жоқ. Билет тексеруші Асқардан айыппұл төлеуін өтінді. Билет тексеруші құқық бұзды ма?
o - Жұмысқа кетіп бара жатырмын, үйді жинап, ыдыстарды жуып қой, - дейді анасы
– Ертең маған бақылау жұмысы, уақытым жоқ, – дейді баласы.
– Оған дайындалып үлгересің, үйді жинап қой, шашып тастап кетуге болмайды,-деп тапсырады анасы.
Сонда баласы:
o – Балалар құқықтары туралы Конвенцияның баптарына сай мен білім алуыма кедергі келтіретін барлық жұмыстардан босатылғанмын. Ол менің құқығымды шектейді, – дейді. Баланың өз құқығын осылайша қорғауы дұрыс па?
o Бір оқушы бір оқушыға «Ертең 200 теңге әкеліп бересің,әкелмесең басқаша сөйлесеміз», - деп күш көрсетті.
o Түнгі көшеде балалар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
o Мектеп оқушылары біреудің бақшасынан жүзім ұрлады.
o Самал сыныптасының қаламын рұқсат сұрап алды. Ол құқық бұзды ма?
|
Проектор
Слайд
|