ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
«Бекітемін»
ОӘ және ТЖ проректоры
___________Анартаева М.Ұ.
«_____»________20___ ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Фармацияның ұйымдастырылуы» пәнінен өндірістік тәжірибе
Мамандық: 5В110300 – «Фармация»
Оқу сағаттарының саны: 75 сағат (1 кредит)
Курс: 3
Семестр: 6
Шымкент – 2013
Жұмыс бағдарламасы типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.
ФІҰБ кафедра мәжілісінде қаралды.
Хаттама №____ «____» ________ 2013 ж.
Кафедра мең., ф.ғ.д., профессор Шертаева К.Д.
Жұмыс бағдарлама химико-фармацевтикалық пәндерінің циклдық және әдістемелік комиссия мәжілісінде қаралды.
Хаттама №_____ «_____» ________ 2013 ж.
Төраға
х.ғ.д., профессор Патсаев А.Қ.
Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілді.
Хаттама №_____ «_____» ________ 2013ж.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау Концепциясына сәйкес еліміздің медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарының алдына түлектерінің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларының сапасын жоғарлату және мамандарды даярлауды жақсарту міндеттері қойылып отыр.
«Фармацияның ұйымдастырылуы» өндірістік тәжірибесі фармацевтика факультетінің 3 курс студенттерінің оқу процесінің құрамды бөлігі саналады.
Өндірістік тәжірибенің типтік оқу бағдарламасы 5В110300 – «Фармация» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары кәсіптік білім беру (бакалавриат) стандартына ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 сәйкес жасалынған.
«Фармацияның ұйымдастырылуы» өндірістік тәжірибесінің типтік бағдарламасы фармацевтикалық қызметті ұйымдастыруда фармацевт мамандарын дайындау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға және оқу жұмыс бағдарламасын жасауға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |