Педиатрия, стоматология және химия-фармацевтикалық факультет


Дайын дәрілер бөлімінің жұмысын ұйымдастыру



бет4/10
Дата15.04.2023
өлшемі202 Kb.
#82746
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дайын дәрілер бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Дайын дәрілер бөлімінің жұмысын ұйымдастырумен танысу, дәрілік заттардың ассортиментін талдау. Дәріханаға келген рецептерді фармацевтикалық сараптау, қабылдау, тіркеу. Тұрғындардың сұранысы бойынша жоқ дәрілік заттарды тіркеу, оларды дәріханаға алу. Рецептуралық бланкілердің түрлерін, безендірілуін, жарамды және сақталу мерзімдерін сипаттап жазу. Дайын дәрілік заттарды дәріханадан босату. Бөлімде дәрілік заттардың сақталуына бақылау жасау.

  • Дәрілік заттарды рецептісіз босату бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Бөлімнің жұмысымен, дәрігерлердің рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың тізімімен танысу. Дәрілік заттарды рецептісіз босату жұмыс орнына жұмыс істеу. Дәрілерді босату кезінде тұтынушыларға қажетті кеңестерді беру.

  • Дәріхананың қор сақтау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Бөлімнің жұмысымен, негізгі міндеттерімен танысу. Дәріхананы қажетті дәрілік заттар ассортиментімен жабдықтау, негізгі тауар жіберушілермен, олармен арадағы тауар жеткізу шарттарының жасалу тәртіптерімен танысу. Дәріханаға келген тауарларды қабылдауға қатысу. Емдеу-профилактикалық орындардан тапсырыстар қабылдау, олар бойынша тауарларды босату. Дәріхананың басқа бөлімдеріне тауарлар жіберу. Дәріханада тауарлардың дұрыс сақталуын ұйымдастыру және бақылау жасау. Бөлімді қажетті жабдықтармен жабдықтау, санитарлық ереже, фармацевтикалық тәртіп, еңбек, техника қауіпсіздіктері талаптарын сақтау.

  • Фармацевтикалық көтерме сауда звеносының (дәріханалық қойманың) жұмысын ұйымдастыру. Фармацевтикалық фирма (дәріханалық қойманың) ұйымдық құрылымымен, жабдықталуымен танысу. Фирмаға (қоймаға) келген тауарларды қабылдап алуға, қабылдау кезінде жүргізілетін сапалық бақылауға қатысу. Фирма, қоймалардан дәріханалық және басқа да ұйымдарға тауарларды босату жұмысына қатысу.

    Студенттердің өндірістік тәжірибені өту барысында уақыттарын келісімді болу кестесі





    Орындалатын жұмыстардың атаулары

    Күндер

    Келісімді уақыты

    1

    2


    3
    4

    Дәріхана меңгерушісінің ұйымдастырушылық-басқару жұмысы
    Фармацевтикалық бөлшек сауда звеноның жұмысы: дәріхананың рецептуралық-өндіріс бөлімінде, дайын дәрілік заттар бөлімінде, дәрілік заттарды рецептісіз босату бөлімінде
    Дәріхананың қор сақтау бөлімінің жұмысы: дәріхананың дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі, дәріханаға түскен тауарларды қабылдау, стационарлық ауруларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, дәрілік заттардың сұранысын зерттеу және қажеттілігін анықтау, тауарлардың сақталуын ұйымдастыру
    Фармацевтикалық көтерме сауда звеноларының жұмысы: фармацевтикалық фирмалардың (дәріханалық қоймалардың)

    3 күн

    5 күн
    5 күн
    2 күн


    900-1400**


    (1300-1800**)





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет