Педиатриядағы мейіргер ісі бойынша кәсіптік практика нәтижесін бағалау сұқбатына арналған билет Станция №5



бет1/3
Дата18.06.2023
өлшемі51,73 Kb.
#102083
  1   2   3

Педиатриядағы мейіргер ісі бойынша кәсіптік практика нәтижесін бағалау
сұқбатына арналған билет
Станция №5

1 тапсырма. Аурухананың қабылдау бөлімшесінде 1 жасар балада тырыспа ұстамасы басталды. Қарағанда: бала мазасызданған, жылап жатыр. Аяқтары тізе және жамбас буындарында жартылай бүгілген, аяқ бастары күрт табандық жазылу қалпында, олар ісінген, қол басының бұлшық еттері тоникалық қатаюда, қолдары «акушер қолына» ұқсайды.



  1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.

  2. Мейірбикенің әрекеті.

2 тапсырма. 6 жасар науқас «Бронх демікпесі» диагнозымен соматикалық бөлімшеде емделуде. Мейіргерлік тексеру кезінде келесі шағымдары анықталған: жиі тұншығу ұстамалары, тыныс шығарудың қиындауымен ентікпе, қоймалжың кермекті қақырықты жөтел. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, дем шығаруы қиындаған, қашықтықтан ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 32. Пульсі минутына 90. Іші жұмсақ ауырмайды.

  1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.

  2. Мейірбикенің әрекеті.

3 тапсырма. 2 жасар баланың анасы дене қызуының 39,3 град. көтерілуіне, жөтел мен мұрынның бітелуіне шағымданады.


Объективті: бала мазасыз, әлсіз. Тәбеті нашар, сұйықтықты аз ішеді. Терісі бозарған, аяқ- қолдары суық. Еріндері құрғақ. Мұрынынан аздаған шырышты бөлінді байқалады. Тамағы қызарған. Өкпелерінде қатты тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 36 рет.

  1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.

  2. Мейірбикенің әрекеті.

4 тапсырма. Емшек еметін 6 айлық бала. Анасының айтуы бойынша бірнеше күн бойы балада тәулігіне 5-6 рет сұйық дәрет болған. Баланың жағдайы айтарлықтай бұзылмаған, мазасыз, жылауық. Дене температурасы қалыпты. Объективті: шырышты қабаттары құрғақ, бозарған, көздері шүңірейген, терінің қатпарлары баяу жазылады. Суды қомағайланып ішеді.


Ішкі мүшелер тарапынан өзгеріссіз. Іші жұмсақ.

  1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.

  2. Мейірбикенің әрекеті.



Задание №5. Аурухананң қабылдау бөлімшесіне 11 айлық баланың анасы баласының тамақпен шашалғаннан кейін пайда болған жөтелге, айтарлықтай ентікпеге шағымдана келген. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тынысы жиі, үстіртін, минутына 56 рет. Тыныс алуға демеуші бұлшық еттердің қатысуы байқалады. Терісі бозарған, мұрын- ерін ұшбұрышы көгерген. Тамыр соғысы минутына 120 рет, қан қысымы АД 90/60 мм. с. б.



  1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.

  2. Мейірбикенің әрекеті.

5 Станцияның бағалау парағы, №1 тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет