Пән : «Коммуналды гигиенасы»


Ыстық суды берудің екі жүйесі бар



бет13/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
лек-КГ-ОЗ-каз

Ыстық суды берудің екі жүйесі бар:

  • Ашық жүйе

  • Жабық жүйе

  • Ашық жүйеде ыстық су ЖЭС бір жүйемен жылу және ыстық су жүйелеріне беріледі.

Ашық жүйеде судың сапасы:

  • ЖЭС ғы бастапқы судың сапасына,

  • суды жылытуға дайындауға (коррозияға қарсы және қаққа қарсы)

  • жылыту жүйесінің құрылымына

  • оны қолданылуына байланысты болады.

  • Жабық жүйеде ЖЭС суы жылу тасымалдағыш ретінде қолданылады.

  • Суды жылыту орталықтандырылған н\е жекелеген жылу бекеттерінде орналасқан арнайы сужылытқыштарда жүргізіледі.

  • Ыстық судың сапасы суды алу орнындарында ауыз суына қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы керек.

  • Микрофлораның дамуының алдын алу үшін суды алатын орындарда судың температурасы 50 град. С кем емес,

  • Ал ыстық судан күймес үшін судың температурасы 75 град.С артпау керек.

  • Жергілікті ыстық су жүйесінің отпен, электрлік және гелиотермиялық жылыту (үйішілік және пәтерішілік), сонымен қатар геотермалды суды қолданылатын жүйелері бар.

  • Санитарлық талап бойынша ыстық су эпидемиялық қауіпсіз, органолептикалық қасиеті және адам ағзасы үшін химиялық жағынан зиянсыз болуы қажет ( тері -тітіркендіргіш әсері).

  • Құбырмен берілетін ыстық судың сапасына кері әсер ететін реагенттер (суды дайындауда қолданылатын заттар, конструкциялық материалдардағы заттар) алдын ала тексеруден, яғни гигиеналық бағалаудан өтуі шарт.

  • Арнайы рұқсат берілгеннен соң ғана пайдаланылады және олардың қалдық мөлшері гигиеналық нормативтен аспауы қажет.

Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесінің суы сапасын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау желіге және таратқыш желіге келіп түсіру алдында бастапқы судың келіп түсуі орындарында іріктеп жүзеге асырылады.
Ыстық сумен жабдықтаудың әртүрлі жүйелерін қолдану мүмкіндігін бастапқы судың сапасын, су тарату нүктелеріндегі суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды және техникалық-экономикалық негіздерді басшылыққа ала отырып, жобалау ұйымы айқындайды. Ыстық сумен жабдықтаудың жылулық желілерін тұрмыстық және өндірістік кәріздеу желілерімен біріккен каналдарға салуға жол берілмейді.
Ыстық сумен жабдықтау желілерін басқа мақсатқа тағайындалған су құбырларымен байланыстыруға жол берілмейді.
Ыстық сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жуудың сапасын бақылауды осы жүйелерді пайдаланатын адам жүргізеді. Жылумен жабдықтауды маусымдық ажырату кезеңінде, оны жөндегеннен кейін және жаңасын іске қосуға жылумен жабдықтаудың ашық жүйелеріне қосылған ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі темірдің құрамы 1 мг/л дейін және түсі көрсеткіші плюс 700С дейінгі көрсеткіштер бойынша ауыз судың орталықтандырылған жүйелеріндегі судың сапасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардан ауытқуына жол беріледі.
Ыстық судың шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау желісіне келіп түсуіне, сондай-ақ жылу жүйелерінен ыстық суды таратуға жол берілмейді. Ыстық судың сапасын өндірістік зертханалық бақылау санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген тарату желісінің нүктелерінде жүргізіледі.
Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйесінде бақылау - өлшеу аспаптарының ішінде сынабы бар аспаптарды қолдануға тиым салынады. Ыстық судың сапасын өндірістік зертханалық бақылау мынадай көрсеткіштерді анықтауды қамтиды:

  • температурасы (0С),

  • түсі (градус),

  • лайлылығы (мг/л),

  • иісі (балл),

  • рН реакциясы, темір (мг/л),

  • су дайындау үдерісінде қолданылатын реагенттердің қалдық мөлшері (мг/л),

  • ыстық сумен жабдықтау құбырларының (мыс, мырыш және басқа элементтер мг/л-мен) материалынан жуылуы мүмкін химиялық заттардың жол берілетін мөлшері,

  • микробиологиялық.

Су алатын орындарда ыстық судың температурасы жылыту жүйесінің түріне қарамастан 60 °С төмен емес и 75 °С жоғары болмауы керек.Болаттан жасалған құбырлардағы ыстық сумен қамту жүйесінің забық түрінде судың температурасы 50 °С төмен емес ж/е 60 °С жоғары емес болуы керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жүйеде судың температурасы 75 °С деңгейде 48 сағат ішінде ұстап тұру қажет.
Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйесіндегі судың сапасына Мемлекеттік санитарлық бақылау бастапқы суды беру кезінде, суды тарату торабына беретін кезде жүргізіледі.
4. Иллюстрациялы материалдар: 34 слайд
5. Әдебиет:
1. Мазаев В.Т., М.М. Гимадеев., А.А. Королев., Т.Г. Шлепнина. Коммунальная гигиена . Ч.1/ под. ред. В.Т. Мазаева – 2-е изд. испр. и доп. М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 304 с.
2. Коммуналды гигиена. Неменко Б.А. Алматы. - Ғылым, 2005.
3. Коммунальная гигиена. Акулов К.И., Буштуева К.А. –М:. Медицина, 1986. – 608с.
4. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ.Коммуналдық гигиена Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, 264 б. І бөлім.
5. "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 Қаулысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет