Пән атауы – Білім берудегі менеджмент Мамандығы 6В01-Педагогикалық ғылымдар



бет1/27
Дата30.11.2022
өлшемі1,13 Mb.
#53742
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
?аза?стан республикасы білім ж?не ?ылым министрлігі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
П Ә Н Н І Ң О Қ У- Ә Д І С Т Е М Е Л І К К Е Ш Е Н І
Пән атауы – Білім берудегі менеджмент
Мамандығы - 6В01-Педагогикалық ғылымдар


Оқу түрі: Күндізгі,қашықтықтан

ҚЫЗЫЛОРДА, 2021-2022 оқу жылы
Оқу-әдістемелік кешен

Пәннің аты: Білім берудегі менеджмент


Пәннің коды: ВМ 2204
Кредит саны: 2
Курстың оқытушысы: Қойшыбаев М.Н
Кафедраның орналасқан жері: Төле би 36А,ғимарат 7, 410 кабинет
Кафедраның телефоны:
Кафедрада кеңес беру уақыты: сейсенбі,бейсенбі
Курстың пререквезиттері: «Педагогика», «Қазақстан тарихы», «Мәңгілік ел», «Оқушылар дамуының физиологиясы», «Өзін-өзі тану», «Психология».
Курстың постреквизиттері: «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Инклюзивті білім».
Курс мазмұнына қысқаша түсініктеме: «Білім берудегі менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар студенттерді өз беттерінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерінің(педагогтік ұжым және оқушылар) оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қамтамасыз етеді.
Курстың мақсаты:
Болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. 
Курстың міндеттері:

  • Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негздері мен тұтас педагогикалық үдеріс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру;

  • Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің мәні және негізгі міндеттерімен таныстыру;

  • Айрықша кәсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру;

  • Менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет