Пән атауы: Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет Орындаған: Тоқташева Айгерім Мұратбекқызы Тобы


Қазтуған жыраудың “Қазтуғанның қонысымен қоштасуы”



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.04.2023
өлшемі421,45 Kb.
#83055
1   2   3
Қазтуған жыраудың “Қазтуғанның қонысымен қоштасуы” 
толғауындағы автор бейнесі 


 
Авторлық бейне яғни, поэзиялық шығармаларда,автор негізінен, 
лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирика ақынның ішкі сыры,толғанысы, 
яғни,авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын бедерленеді, 
өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға поэзиясындағы автордың 
көзімен қарап, танып біледі. Лирик ақын өзі туралы айта отырып,өмірлік 
жайларды толғайды. 
Мысалы: 
“Мұсылман мен кәпірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан 
Сүйіншіұлы Қазтуған!”- деп жырлаған автор бейнесі 
жыр барысында кім болғанын мәлімет береді. 
Сондай-ақ мұндағы кейіпкер автор өзі болғандықтан,толғаудың негізгі 
идеясын жеткізуде көркемдегіш құралдарды да сәтті қолданған. 
“Өзіне деген дұшпанын 
Қарт бурадай тіздеген — 
Мен - Қарға бойлы Қазтуған 
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы – қазақ елінен!” – өзін бураға теңеп,ата-
жұрттан алыстап бара жатқандығын көрсетеді. 
Үзінді бойынша жыраудың, гуманистік болмысын байқай аламыз. 
Алтын Орданын шаңырағы құлап,Еуразияның ұлы даласын көктей кешкен 
көшпелілер басынан бақыт кұсы ұшқанкезде сұңқылдап тұрып жоқтау 
айтқан әйгілі тұлғаларымыздың бірі Қазтуған жырау болған. Қазтуған 
өткенін қимай, бүгінге риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен 
жырау. Алтын Орда хандығы есенгіреп, ыдырап, бірнеше хандықтарға 
бөлініп кетті. Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екіге 
бөлінді. Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырылысты. 
Салп-салпыншақ анау үш өзен, 
Салуалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер... 
Шиыршық атып, шымырқанған тебіреністен туған бұл теңеулер батыр 
жыраудың туған жерге сағынышын, шексіз махаббатын білдіріп, ақындық 
қиял ұшқырлығы мен өршіл романтикалық шығармашылық шеберлігін 
дәлелдей түседі. 


“Бұғының ауыр қара мүйізі, 
Бидайықтың жалғыз соғары” 
Айдаса-қойдың қөсемі, 
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені” – деп адам 
портретін беру барысында автор кейіпкердің қандай адам екенін 
метафорамен яғни “қойдың көсемі”,”тілдің шешені”,”қара мүйізі”,”соғары” 
деген және “Б” деген дауыссыз дыбыстың қайталануы арқылы жырға 
ерекше әсем беріп тұрған көркемдегіш құралды қолдану арқылы көрсетеді. 
“Жайықта қоныс етпеңіз, 
Сыдыра біткен көкжиек, 
Кәпірлер қала салады” – жолдардан жырдың 
тарихи құндылығын байқаймыз,жыраудың туған жері үшін тереңінен 
қайғырып,өкініштен өзегі өртенгенін көреміз. 
Туған жерден өз еркімен бастарту Қаншалықты қиын болғанына 
қарамастан, Қазтуған мұсылман баласын кеңінен жайлаған құтты 
қоныстары Еділ-Жайық арасы мен Астраханды қоныс етпеуге, ол жерлерден 
көшуге шақырады. Еділден кетпесе, қалмақтың басып алатыны; Жайықты 
тастамаса,кәпірлердің, басып алып, қала салатыны; Астрахан қаласын да 
солардың тартып алатыны тарихи шындықпен деп келеді. 
Көркемдік ерекшелігінде композиция, сюжет, негізгі идея сақталған. 
“Қара мауыты мұшақат 
Бүтін тоғай жерді алар”- деп автор эпитет арқылы 
толғаудың көркемділік құндылығын арттырады. 
“Бұдырайған екі шекелі” 
Мұздай үлкен көбелі, 
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, 
Адырнасы шайы оққа кірісті”- деп батырлығын, 
“Айдаса қойдың көсемі, 
Сөйлесе қызыл тілдің шешені” – деп шешендігін, 
“Буыршынның бұта шайнар азуы, 
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы” – деген 
жолдардан кейіпкердің көсемдігін көреміз. 
Жыраудың толғауларының негізгі тақырыптары – туған жерді,елді 
сүю,Отанды қорғау,елді бірлікке шақыру,адамгершілік қасиетті насихаттау 
болды. 


Жырда елдің ертеңгі өмірін сезіп отырған жырау болмысының бейнесі: 
Еділді алса - елді алар 
Енді алмаған не қалар? 
Жайықты алса - жанды алар, 
Жанды алған соң не қалар? 
Ойылды алса - ойды алар, 
Ойлашы сонда не қалар? 
Қара мауыты мұшақат, 
Бүтін тоғай жерді алар. 
Үзіндіде автор бейнесі бұл жерде Асан қайғы армандаған жайлы қонысқа 
елді жеткізбекші,әрекеттенуші.
Жолдасын жолай іздеген, 
Өзіне тиген дұшпанын, 
Қарт бурадай тістеген, 
Мен қара бойлы Қазтуған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет