думаға депутат болып сайланды
- 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш»
газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік
«Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
- 1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
- 1911-14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек
сіңірді.
- Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі.
Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш
аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
- 1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә.
Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Алаш зиялыларының бірі Ә. Бөкейханов еңбектері
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық сиездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құруға қол жеткізеді. Алашорда үкіметінің төрағалығына сайланады.
Азамат соғысы жылдары қазақ халқының ақ пен қызылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ арасына кетпеуіне күш салады. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.
Кеңес кезеңінде өкімет орындары Қазақстанда тұрғызбай, Мәскеуде ұстайды, саясатпен айналысуға мүмкіндік бермейді. Жаңа жағдайға байланысты, бұрынғы алаш зиялылары өздерінің күрескерлік жолын өз халқының сауатын ашу үшін оқулықтар жазып, фольклорлық әр түрлі жинақтар шығарып, ғылыммен шұғылданып, аудармалармен айналысып, қазақ шаруашылығын ұйымдастыруда басқа жұрттың озық мәдени түрлерін пайдаланудың жолдарын көрсетіп насихаттауға бағыттайды.
Кеңес орындары Әлихан Бөкейхановқа тыныштық бермей, 20-жылдары екі рет тұтқындап, онда амалсыз босатып, ақыр аяғында 1937 жылдың науқанында қанды шеңгелге алады.
Ә. Бөкейхановтың Жаза кесімі
Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы
мен ату жазасының күніндегісі
А. Байтұрсыновтың Алаш қоғамына қосқан үлесі
Ол – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол – қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы АХМЕТ БАТҰРСЫНҰЛЫ.
Байтұрсынов туралы фактілер
1911
Достарыңызбен бөлісу: |