Пəн атауы:Қазақстан тарихы Мамандық: 6B05301 – Физика Курс



Pdf көрінісі
Дата15.05.2022
өлшемі213,7 Kb.
#34444
Байланысты:
ОСӨЖ 14



Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Физика-Математика факультеті

ОСӨЖ

Тақырыбы: Рухани жаңғыру

Пəн атауы:Қазақстан тарихы

Мамандық:

6B05301 – Физика



Курс: 1

Семестр: 2

Дайындаған: Данабекова

А.Д


Тексерген:Сугурбаева Б.Қ

Ақтөбе 2022




Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін

қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой

түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық

жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек

тұлға тəрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.

Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын

ықыласпен  түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада «Ұлттық

салт-дəстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, əдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен

айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мəңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында

үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мəңгілік

болары хақ.

Елбасының жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы

басталды деп жарияланды. Қайта жаңғырудың екі процесі – саяси реформа мен

экономикалық жаңғыруды қолға алып жатырмыз.  Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін

əрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс,

делінген мақалада. Шындығында  ұлттық рухы, руханияты жоғары, мəдениеті озық ел

көп нəрсеге қол жеткізетіні анық. Жəне ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру деген

ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін қажет етеді. Елбасы ұлттық мəдениетті

сақтай отырып жаңғыру жəне ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа

тұстарынан бас тарту қажет екенін қазақстандықтардың түсіне білуі керек екендігін

баса айтады. Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынысы жас ұрпақты

тəрбиелеуге дəл жəне уақытында айтылған нақты тапсырма деп білемін. Əрбір

адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген

сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан

дүниесімен беріле сүю екіталай.

«Қазақстанның қасиетті жерлерінің мəдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе

де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық

қалқанымыз əрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы», – делінген мақалада.

Мақалада: «Біз жаң ғыру жолында баба лар дан мирас болып, қаны мызға сің  ген, бүгін де

тамы ры мыз да бүл кіл  деп жатқан ізгі қасиеттерді қай та түле туіміз керек», – делінген.

Расында, жастайынан дін мен дəстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап

өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мəдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дəстүрі мен

тарихына ерекше мəн берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ.

Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тəрбиелік

маңызға бай əдет-ғұрып, салт-дəстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума

рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Елбасы мақалада осы

ұстанымды айқын көрсетіп берді:

«…Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани

коды болады…Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды

сақтай білу».



Бұл – тектен тек айтыла салынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық

технологиялы, жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден қорғану

жолы. Осы орайда ұлтымыздың белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Қасыңнан

да, досыңнан да бірдей сақтан», – деген сөзі ойға оралады. Сақтанудың басы – өзіңе

қатысты рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп қалдыру.

Əр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын

сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Елбасының осы мақалада көтерген

тағы бір маңызды, өзекті мəселесі – туған жерге деген махаббат.

Президентіміз: «…Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм

кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген

сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мəдениеті мен

салт-дəстүрлеріне айрықша іңкəрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды



көріністерінің бірі», – деп атап өтті.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет