Пән атауы:Қылмыстық құқық Тақырыбы:«Адам өлімі»


Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу



бет5/7
Дата04.03.2023
өлшемі273,5 Kb.
#71469
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Илияс Курсовой 2 ҚК-99 бап-3

2.6. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Қылмыстың мәні-қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде. Қылмыстың объективті жағы-қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Сондықтан да, қорқыту сипаты барынша әр түрлі болуы мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен, тіршілік ету құралына айырумен және т.б.
Жәбірленушіге қатыгездікпен қарау, оны ұрып-соғудан, азаптау, денеге жарақат салудан, оны тамақтан, үй-жайдан айыру, бостандығын шектеуден ж.т.б. көрінеді. Жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту, кінәлының жәбірленушімен екі жүзділік қарым-қатынаста болуы: оның жеке басын кемсіту, оның кемшіліктерін келеке қылу, оны басыну, оны масқаралайтын мәліметтер тарату ж.т.б. жағдайларда орын алады. Сонымен қатар мұндай фактілер біреу емес, ұдайы, яғни екі реттен көп болуы тиіс. Жоғарыда аталған әрекеттер әрекет жасау жолымен, сондай-ақ әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін.
Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауы осы қылмыстың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәлының мінез-құлқы мен аталған зардаптың арасында себептік байланыс анықталуға тиіс.Өзін-өзі өлтіру қылмыстық заң проблемаларының қатарына жатпайды. Ал өзің-өзі өлтіруге дейін жеткізу қоғамға қауіпті іс-әрекет, адамның ең басты құқығы - өмір сүру құқығы бұзылады.
Бұл қылмыстың объектісі - адамның өмірі.
Қылмыстың объективтік жағы басқа бір адамның өліміне алып келетін әрекетпен де әрекетсіздікпен де сипатталады. Мысалы, өзін зорлаудан кұтқаруды ойлаған әйел жағарғы қабаттың терезесінен қарғып түсіп қаза болады, бұл жағдайда кінәліні жәбірленушінің абайсызда қаза табуына әкеп соққан зорлауға оқталғандық үшін жазалау қажет.
Адамды өзін-өзі дейін өлтіруге дейін жеткізудің тәсілдері заң нормасында айтылған, олар:

  1. қорқыту;

  2. оған қатыгездікпен қарау;

  3. оның адамдық қасиетін үдайы қорлау.

Адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің, бұл тәсілдері бұл жағдайларда бірге қолданылады
Қылмыстың субъективтік жағы жанама ниетпен не зардабын абайламағандықтан сипатталады.
Қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған есі дұрыс адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет