Пән Қазақ тілі Бөлімі Сәулет өнері №52-сабақ. Тақырыбы



бет1/3
Дата16.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#50721
түріСабақ
  1   2   3

Пән Қазақ тілі
Бөлімі Сәулет өнері
52-сабақ.
Тақырыбы: Бастауыш

Мектеп: 264

Күні: 5 .12.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Тоқсанбаева А.



Сынып: 3 «Н»

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың
мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

Оқушылардың көбі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап беред

Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер
Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Қимыл, іс-әрекет иесі.
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
Киіз үй неден жасалады?
Ата-бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған?
Қазір киіз үйлер бар ма? Киіз үй жобасына қарап нелер құрастырылған?

Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану .

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем. Сөйлем мүшелері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы 5мин.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.


Үй тапсырмассын тексеру
1.Сөйлем дегеніміз не?
2.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады? 3.Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?
Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері деп бөлінеді. Тұрлаулы сөйлем мүшелері белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем ішінде бергілі бір қызмет атқаратын сөздер.
« Ия немесе жоқ» әдісі.

  1. Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.

  2. Дауысты дыбыстар үшке бөлінеді.

  3. Түбір сөзге жұрнақ және жалғау жалғанады.

  4. Жұрнақ сөз бен сөзді байланыстырады.

  5. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

  6. Бір түбірден жасалған қосымшаны түбірлес сөздер дейміз.

  7. Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері болып бөлінеді.


Слайд№1

Слайд№2


Сабақтың ортасы
30-мин.

3




«Киіз үй»бейнебаян көрсетіледі.
Топқа бөлу.
1-топ.Шаңырақ
2-топ.Уық
3-топ.Кереге
4-топ.Сықырлауық


5- жаттығу
Кітапта берілген Мәтінді оқып шығамын.
Оқушылар жұптаса отырып, «Сұрағын тап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Ата-бабамыз неліктен киіз үйлерді пайдаланған?
- Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады?
- Кереге неден жасалады?


Төрт топтан төрт оқушы шығып киіз үйдің бөліктерін түсіндіреді.

  1. Шаңырақ.

Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады.
Шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің ең жағарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады, шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады.
Шаңырақты әкеден балаға мұра етіп қалдырған. Шаңырақты бір елтаңбамыздан да байқасақ болады.


Киіз үй керегесі
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Кереге неғұрлым үлкен болған сайын киіз үй де соғұрлым үлкен болады.


Уық Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар. Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең.


Киіз үй есігі-«Сықырлауық»
Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды
Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.


4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі.
1топ- Шаңырақ туралы мақал-мәтел жазу
2топ-«Шаңырақ» сөзіне 5 жолды өлең құру
3топ-«Шаңырақ сөзіне дыбыстықталдау жасау.
4топ- «Шаңырақ» тақырыбында мәтін жазу.


6-жаттығу
Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнады.
3 оқушы шығып тақтаға орындайды. Сойлемдерді бастауыш пен баяндауышты ажыратып, сөз құрамына талдайды.


Сөйлемде қарамен жазылған сөздерге назар аударылады. Оқушылар жұптаса отырып сұрақ қояды.
- Киіз үй, атам, балалар сөзінен не байқадыңдар?
Ереже.
- Сөйлем ішіндегі сөздерге Кім? Кімдер? Не? Кімі? Кімің? Несі? сұрақтары қойылса, ол сөйлемнің бас мүшесі – бастауыш болады. Ол қимылдың иесін білдіреді. Оны бір сызықпен сызады.
Бұл сұрақтар қай сөзтабында кездеседі? Зат есім.
Бастауыш тек зат есімнен емес басқа да сөзтаптарынан жасалады.
Оқушылар өз беттерімен оқулықта берілген ережені оқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет