Қазақстанның Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтан екінші рет ғарышқа ұшуы туралы сұхбат алынды.
Талғат Амангелдіұлы, сіз тұңғыш рет ғарышқа 1994 жылы ұштыңыз. Ал төрт жылдан соң сіз екінші рет ғарышқа халықаралық ғарыш экипажының командирі ретінде ұштыңыз. Бұл қалай болды?
− Мен 1994 жылы ғарыш кеңістігіне алғаш рет ұшқанда, екінші рет тағы ұшатынымды білдім. Мемлекеттік комиссия төрағасы генерал-полковник Владимир Иванов маған: «Келесі ұшуға дайындала бер, сенде оған қажеттінің барлығы бар, − деді.
Ғарышқа екінші сапарыңыз несімен ерекшеленді?
− Ғарышқа бұл жолы халықаралық экипаж командирі б о л ы п ұ ш т ы м . Ол менің ғарыштық мансабымдағы ең ұзақ сапар болды. Ғарыш кеңістігінде 29 қаңтардан 25 тамызға дейін болдық. Осы экспедиция барысында бортинженер Николай Бударинмен бірге ұзақтығы 30 сағат 8 минут болатын ашық ғарышқа бес рет шықтық. Ол кезде бұл Гиннес рекордтар кітабына енгізілген нағыз рекорд болды. Ғарышта бірқатар елдердің ғылыми бағдарламаларын орындадық, ғарышта жұмыс істеп, маңызды саяси миссияны орындадық. Біздің экипаж жерге 1998 жылы 25 тамызда оралды. Бұл күні мен тағы бір қуанышты жаңалық естідім. Ғарышкерлерді дайындау орталығындағы басшылардың бірі, біздің жетекшіміз, Кеңес Одағының Батыры Юрий Николаевич Глазков: «Талғат, сені үшінші рет ғарышқа жіберу шешімі қабылданды!» −деді.(181 сөз)
Талғат Мұсабаев қай жылы екінші рет ғарыш әлеміне аттанды?
А) 1994
В) 1997
С) 1998
D) 1999
Ғарышкер өзінің екінші рет ғарышқа ұшатынын қайдан білді?
А) экипаж командирі айтты В) комиссия басшысы айтты
С) ресейлік әріптестер хабарлады
D) экспедиция бортинженері айтты