Т.Мұсабаев екінші рет ғарышта қанша уақыт өткізді?
А) 8 ай
В) 9 ай
С) 1 ай
D) 5 ай
Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» 1 «жалған» ақпаратты белгілеңіз.
[1]
[1]
[1]
№
Тұжырымдар
Дұрыс
Бұрыс
А
Т.Мұсабаев бірінші және екінші рет ғарышқа ХХ ғасырдың соңында ұшты.
В
Юрий Глазков Т.Мұсабаевапен бірге ғарышқа ұшатынын хабарлады.
С
Т.Мұсабаев ғарышқа өзімен бірге еліміздің рәміздерін алып ұшты.
[2]
мәтін
1996 жылы қоғамда интернет ғаламаты әлі дамып үлгермеген болатын, дегенмен Стив Джобс оның болашағын дәл болжай білген екен. «BusinessInsider» басылымы Стив Джобстың ғаламтор болашағы туралы 1996 жылы берген сұхбатын жариялады. Сұхбат алғаш рет «Wired» журналына жарияланған.
«Интернет онлайн сауда ордасы болады. Ал тауарды әлемнің кез келген аймағына жеткізетін Америка сауданың ордасына айналады», - дейді Apple компаниясының негізін қалаушы.
Тілші: Интернеттің болашақтағы мүмкіндіктері қандай?
Джобс: Адамдар дүкен аралап сауда жасауды доғарады. Олар керекті тауарды онлайн түрде сатып алуға бейімделеді.
Тілші: Сонда интернет бүкіл әлемдегі адамдардың мүмкіндіктерін тең ете ме?
Джобс: Менің жұмысым - барлығына бірдей өнім дайындау. Ғаламтор бизнесінің негізгі жолы да сол бағытта болмақ. Әдетте алып компаниялар тауарларын жеткізу үшін миллиондаған қаржы жұмсайды. Ал бұл бизнес онлайн платформаға ауысатын болса, табыс мөлшері бірнеше есеге артады.
Тілші: Сауданың ғаламтор арқылы жүргізілуі жұмыссыздықты көбейтіп, экономиканың дамуына кедергі болмай ма?
Джобс: Жоқ, ғаламтор әлемді толығымен өзгертпейді. Ол оның бір бөлігі ретінде қалыптасады.
Дегенмен интернет экономиканың басты бағыттарының біріне айналары анық.
Стив Джобс болашақты болжай алатын нағыз кәсіпкер болған. Оның сауданың қай бағытта өзгеретінін дәл айтқанына куә болып отырмыз. (175 сөз) (massaget.kz)