Пән: Қазақ тілі Сыныбы: 8-сынып Бөлім:«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»



бет4/5
Дата29.06.2023
өлшемі27,68 Kb.
#103802
1   2   3   4   5
Байланысты:
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.docx БЖБ І тоқсан

2-мәтін.Халқымыздың тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары.Отбасы құндылығы ешқашан назардан тыс қалып көрген емес. Бүгін де осындай тақырыпта аудан орталығындағы Шетпе гимназиясында өнегелі жиын өтті. Шараны Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. 
Шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары мен олардың ата- аналары, мектеп мұғалімдері, жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев пен еңбек ардагері Шаймұрза Байпақов қатынасты. Жиынның алғы сөзін гимназия басшысы Г.Нұрмағанбетова алып, қазіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған отбасындағы тәрбие мен құндылықтар жайлы, жастар тәрбиесі жайлы айтып өтті. Бұдан соң жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев сөз алып: «Отбасындағы құндылықтарды сақтау мен қастерлеу – бүгінгі жастардың парызы. Қазіргі жастардың ойын ғаламтор тұмшалап алған. Сол себептен олардың ескінің көзі салт-дәстүрімізден айнып, заманауи үрдіске бойлары үйреніп барады. Оларды имандылық пен адамгершілікке баулу қоғамның ортақ парызы дегім келеді»,- деді.
Жиын соңында ұйымдастырушылар тарапынан жиында белсене қатынасқандарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. 
Отбасы – ол кез келген қоғамның алтын діңгегі. Осындай танымдық кеңес беру жиындары жиі ұйымдастырылып тұрса, нұр үстіне нұр еді.



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы







Стилі (2 дәлел келтіріңіз)

1.
2.

1.
2.

Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды)
(1-ші сөйлемін жазыңыз).

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды

Мәтін түрі (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) (Дәлел келтіріңіз)

1.

1.

2-тапсырма
Берілген 2-мәтіннің көтерілген басты мәселесін анықтап, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыратындай аннотация жазыңыз. (5-6 сөйлем)
Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз:
мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ...... көрсетіледі, мақаланың негізінде ...жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет