Пән: Қазақ тілі Сыныбы: 8-сынып Бөлім:«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»



бет1/5
Дата29.06.2023
өлшемі27,68 Kb.
#103802
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.docx БЖБ І тоқсан


Пән: Қазақ тілі
Сыныбы: 8-сынып
Бөлім:«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»
«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»


І нұсқа
1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.

1-мәтін
Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот тілінен аударғанда «кұпия», «сыр» деген мағына береді) деп аталады. Бабаларымыз өздерінің «сына жазуларын» күміс ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Осы тас тақталардағы жазбалар бәрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон және Енисей өзендердін маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштері деп атайды.


Бірінші мыңжылдықтың орта тұсында осы өзендердің аңғар-атыраптарында ежелгі мемлекеттер – Түрік қағанаттары өмір сүрген, оларды қағандар билеп тұрған. VI- IX ғасырларда Түрік кағанаттары өмір сүрген кезеңде таңбаланған сына жазулы жазбалар – көне түркі әдебиетінің әлемге белгілі ең байырғы мәнді шығармалары.
Тасқа қашалған дастандар түркілердің аса ірі әскербасылары мен билеушілері - Күлтегін мен Білге қағанның өмірі мен күресі жайында, данагөй Тоныкөк жайында баян етеді.
Барлығы бізге белгілі үш жазба бар. Дұрысында, «Кіші жазуды» Білге қағаннын өзі айтып жаздырған , ал оны тасқа қашаған – ғұлама бәдізші Иоллығтегі. «Үлкен жазуды» да білге қағанның өзі айтып таңбалатып, інісі Күлтегін батырға арнаған. Үшінші жазба – Тоныкөк дананың шығарған жыры.
Орхон-Енисей жазбалары XVIII ғасырда табылып, оны зерттеу, оку сол кездерде басталды. Көне түркілердің руна жазуын (қазақ таңбаларына өте ұксас) ең алғаш рет 1893 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен оқыды.
Көне түркі жазбалары құнды жәдігерлер болып табылады.


2-мәтін
Балаға деген махаббатқа ештеңе теңдесе алмайды, ол – суынбайтын махаббат. Бұл қасиет – әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңген ұлы құндылық, мыңдаған жыл сақталып келе жатқан дәстүр. Осы белгілі жайды қайта-қайта айтудан, жастардың құлағына құя беруден жалықпаймыз. Кәрілердің жағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзінен кейінгілерге табыс етуін арман етеміз.
Жақсы дәстүр ұзақ уақытқа сақталады, ұзақ өмір сүреді. Кейінгілерге даңғыл жол болып қалады. Дәстүр жайында мұнша сөз етуіміздің үлкен мәні бар, өйткені оны халық жасаған. Қазақ дәстүрі ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол беру, кимелеп баса-көктеп өтпеу, үйіне келе қалса, атын байлап, есік ашу, төрге шақырып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты салт-дәстүрлердің бірі де ескірген жоқ. Бұлар – өмір бойы ескірмейтін, адам іштей әркез дәметіп тұратын табиғи құлық-мінездер. Біреулер сыйласуды, қайырымдылықты адамдық борышым деп істейді. Міне, бұл – ең қымбат қасиет. Жастар осы қымбатқа ұмтылуы керек.
Біз жастарымыздың азаматтық сипаты келісті болуын, дос сүйсініп, дұшпан күйінетіндей болуын тілейміз. Шыңды шың еткен төбе-шоқылар болса, ұлы сипат та ұсақ сипаттардан құралып, ұлылыққа жетеді. Әрбір жас – ол дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.
(Ғабиден Мұстафин)



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы







Стилі (2 дәлел келтіріңіз)

1.
2.

1.
2.

Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды)
(1-ші сөйлемін жазыңыз).

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды

Мәтін түрі (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) (Дәлел келтіріңіз)

1.

1.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет