Пән: Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту әдістемесі Алматы, 2023



Дата11.12.2023
өлшемі153,89 Kb.
#137343

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология факультеті
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

БӨЖ- 5
Тақырыбы: М.Қашқаридің “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегіндегі сөз таптарының функциялары мен категориялары (ізденіс)

Орындаған: Нурманбек Айдана
Қабылдаған: ф.ғ.к. профессор Жүніс М.
Мамандық: 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Курс: 3
Топ: 309
Пән: Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту әдістемесі
Алматы, 2023

Түркі тілдерінің жинағы”- түрік дүниесінің әлемдік ғылым қазынасына қосқан үлесі. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари “Түркі тілдерінің жинағын” барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған.Күллі түркі елдерінің әдебиеті мен тілін салыстырмалы түрде зерделеп түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық кітап. Түркі тілінің тұңғыш та, әсте қайталанбайтын бірегей туындысы.


XI ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түрік тектес ұлттардың ежелгі мәдениетінд қайта жаңғыру үдерісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің түп негіздері, төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жұлдыздай жамырап көрінеді.
Түркі халықтарының энциклопедиясы аталып кеткен Махмұт Қашқаридің “ Диуани лұғат ат-түрік” сөздігі ортағасырлық араб лексикографиясының қалыптасқан дәстүрі бойынша түзілген. Араб тіл бөлімінде сөздік қор етістік, есім және көмекші сөз болып, 3 топқа бөлінетіні белгілі. Тілдің негізі есім және етістікте, осы тұрғыдан алғанда Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрік” сөздігінің алфавиттік-құрылымдық принцпі негізінде түзілуі- ғалымның лингвистикалық көзқарасы қалыптасқан салиқалы ғалым болғанының айғағы.
Махмұт Қашқари еңбегіндегі морфология туралы М.Томановтың “Етістіктің шақ тұлғаларының қалыптасу туралы (М.Қашқари материалдарымен салыстыру негізінде)” деген мақаласында осы күнге дейін тарихи грамматикамызда Қашқари сөздігіндегі талдауларман үйлестіре отырып, теориялық тұжырымдар жасаған. М.Томанов еңбегінде бірнеше тарихи түбірдің табиғатын ашқан. Олар: туйуқ, өгре, шиеле, йувға.
“Қашқарида: туйуқ-туйуқ қапығ”. Қашқари заманында қимыл сын есім жасайтын й-ге ауысқан. Қазақ тіліндегі байырғы түбір ту дербес кйінде сақталмаған, оның қимыл есім тұлғасы өзгеріске ұшыраған. Оның өі де, тіл фактілері көрсеткендей, сол күйінде орныққан. Бірақ бастапқы байырғы түбірдің мәні өзгеріссіз сақталған: Тұйық су, тұйық кісі, тұйық мінез- барлығында да жабық, басқа нәрсемен байланыссыз дейтін мәнмен сақталған.
Өгре (немесе: үйре) негізі дербес қолданылмаған, онда да: қандай да бір дағды өгрет-үйрет”. Үйір, үйрен, үйрет сөздерінің тарихи болмысында үйірілу, үйір болу мысалымен түсіндірген.
“Шиеле (шеше алмайтындай етіп байлау) етістігі есім негізді екендігі -ла аффиксінен көрінеді. Қашқари: ол түрек чығды- ол түйін түйді, йүкүн барча өзі чығды- барлық жүгін өзі буды. Бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі етістіктің бастапқы түбірі шій -ығ//-іг> ій/, соңғы -е қосымша шійе негізгі мағыналық жағынан “көнерген” де оның үстіне барып -ла жалғанған.
“М.Қашқаридың еңбегінде йувға- бой ұсынған, бағынған” - деп түсіндіріледі. Сонымен бұл фактілер жуас сөзінің жұмсақ сын есімімен түбірлесетіндігін көрсетумен бірге, оның тарихи құрамы жу+(а)с екендігін дәлелдейді.
Грамматикалық категориялар, әдетте ұзақ жасайды. Көптеген жылдар бойы қалыптасып, сандаған жылдар бойы өзгереді, жаңарады, ескіреді, елеулі де елеусіз болса да бір қалыпта тұрақталып қалмай қалай да бір азды-көпті фонеткалық, морфологиялық, семантикалық және синтаксистік құбылыстарға ұшырап отырады. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы грамматикалық категориялар, оның ішінде өзгелік етіс категориясы да тап осылай тарихи түрде қалыптасып дамыған, өзгерген, осы күнгі қалпында қалыптасқан бүкіл түркі тіліндегі ортақ категориялардың бірі.
Мағыналық жағынан алып қарағанда, қазақ тіліндегі өзгелік етістің XI ғасырдағы М.Қашқари қарастырып отырған түркі тіліндегі өзгелік етіс мағынасынан айырмашылығы аңғарылмайды. Олардың арасындағы айырмашылық осы етіс категориясын жасайтын морфологиялық тұлғаларға ғана байланысты.
Махмұт Қашқари өзгелік етіс туралы арнайы сөз қозғамайды, себебі, араб тілінің грамматикалық жүйесінде мұндай етіс категориялары жоқ. Онда екі-ақ түрлі етіс бар: бірі: негізгі етіс, екіншісі- ырықсыз етіс. Дегенмен, араб тіліндегі етістер мен етістіктерге ұқсамайтын, түркі тілдерінің өздеріне ғана тән грамматикалық категорияларының бар екендігін және олардың жасалу қолдану табиғатын тани білген ғалым өзгелік етістің мағынасын беру үшін салт етістіктен сабақты етістіктің қалай жасалатын жолдарын анықтайды.
Көне түркі тіліндегі сөз таптары мен оның категориялары М.Қашқари еңбектерінде айқын көрсетілмесе де, кейбір ғалымдар зерттеу жасау арқылы анықтап отырған. Мәселен, М.Томанов “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (фонетика, морфология)” еңбегінде М.Қашқари еңбегінен үзінділер келтіре отырып дәлелдеген.

Әдебиеттер тізімі:



  1. М.Қашқари, Түрік тілінің сөздігі : (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы.

  2. М.Жүніс, Қазақстандағы Қашқаритану (М.Томанов еңбектері бойынша).

  3. М.Жүніс, Өзгелік етіс жұрнақтарының тарихы.

  4. М.Томанов, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (фонетика, морфология).


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет