Пән бағдарламасы (Syllabus) бакалавриат бойынша барлық білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған



бет14/23
Дата27.09.2023
өлшемі118,62 Kb.
#110967
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
10

Дәріс тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.


Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.
1.Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. "Көзге көрінбейтін" Көктемір көтерілісі.
2. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы.
3. Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 жылдар). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жылдар) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 жылдар): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.
4. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847 жылдар): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.
5. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 жылғы Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
6. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы "Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы" Жарлық. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері, жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы.
7. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы. Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа ұстанымдар.
Тапсырма: семинар сабағының сұрақтары бойынша конспект дайындау керек.


СОӨЖ тақырыбы: Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғасырдың басы)
Коллоквиум:
1.Қазақ халқының ауызша шығармашылығы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және басқалардың шығармашылығы.
2. Ағартушы ғалым Ш. Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.
3. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы.
4. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі.
5.Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жылдар), Дәулеткерей Шығайұлы (1829-1882 жылдар), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895 жылдар), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жылдар), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929 ) және басқалардың музыкалық шығармашылығы.
6. Қазақ әдебиеті. "Зар-заман" мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни-эсхатологиялық идеялар мен мотивтер: Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір Кердері.
7. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. Мерзімді баспасөз. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов және бүкілресейлік мұсылман қозғалысы.

1

2



7

3,1; 5,1; 7,1; 8,1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет