13 тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспар Қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, құндылықтар, ережелер, әлеуметтік бағдарлар және олардың тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық психикалық реттеудегі ролі.
Адам – белгіл бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. ¤йткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т.б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымнан, снімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белглі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – “барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы”.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерешеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнеміөзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Адамның белсенділігі тума қасиетінен, яғни “психикалық энергиясының” дәрежесінен, “психикалық қуатынан” болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. ¤йткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактылы (адамдары ылғи да жүздесіп жүретін топ), оқшауланған, формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен, сынып оқушылары, жұмысты бригадасы, әскери бөлімше, отбасы ыконтактылы немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, студенттер тобы – ресми топ деп аталынса, отбасы мүшелері, дос жарандар, ағайын туыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап құралады; екіден қырық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп сыныбы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар т.б.) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми емес жетекшілері (лидер) болады. Топтар ассоциация, кооперация деп те бөлінеді. Мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл – әрбір адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А.С.Макаренконың айтуынша ұжым-мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі дәстүр салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. “Жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес” (А.Толстой). сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. “Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілк құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек”. Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.