17 тақырып. Әлеуметтік психологиялық диагностика және адамның әлеуметтік жүріс-тұрысын алдын-ала болжау мәселесі. Жоспар Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теориялық және әдістемелік принциптері, мәселелері.
Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі.
Алғашқы әсертәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде көп әртүрлі ақпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген.
Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылады.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөліктері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.
Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттілігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауына өте қажет. Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтауымыз мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ-әрдайым өтірікші, мәдениетті-ой-өрісі кең, қайырымды-үйіршең, сенгіш, өшпенді адам-әрқашан тұйық, күмәншіл келеді. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сенімімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мүмкін. Адамның болжастыру қабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзетулер енгізіп, нақтылап барады.