Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейнгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керісінше де болуы мүмкін: алғашқы тілдесуден ұнамаған адам кейін қай күйге түсіп жолықса да, баяғы көрушілігімізден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсіз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл-жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынада: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді. Міне осы жалпылай, біріктіре түзген ішкі бейнемізді қабағы түксиген нақты адамдардың бәріне бірдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың іс-әрекетінде жалпылай кездеседі, ал іс-әрекеттегі жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бейнесінен көрінеді. Осылай жалпылай біріктіріп, образ жасау қасиеті жас өспірімдік шақтан орнығып, кейін өмір бойы түзетулермен реттеліп барады. Осы тәсілді жақсы игеруден адам психологиясы құрылымының бір белгісі: әрекет-қылығы, дүниетанымы немесе мінезі-бойынша сол адамның басқа да қасиеттерін бағалаушы адам өзінде қалыптасқан бірікпе образ арқылы ашуға бейімделеді. Егер осы бірікпе образ жасау тәсілі адамның сырт көрінісі мен ішкі дүниесі арасындағы байланыстың шындыққа жақын екенін дәлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, олардың әрекет-қылығын күні бұрын болжастыруда таптырмас құралға айналады, ал кері жағдайда жаңсақ әңгімелерге тап қылады.
Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жеке дара және кәсіби ерекшеліктер көп рөл ойнайды. Қайырымды, мейірман, әсерлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, басқалардан әрқашан жақсылық қасиеттерді іздестіруге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көпшілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабілетсіз келеді.
Волков Б.С., Волкова Н.В. Детская психология в вопросах и ответах.-М.Сфера,2009.-255с.
Вроно Е. М. Поймите своего ребенка:О детских страхах,конфликтах и других проблемах.- М. : Дрофа, 2009.- 223с
Проблемы психического развития современного школьника: сборник статей/ под ред. Агеева В.В.; Академия "Престиж".-Алматы,2009.-126с.
Мухина, В. С. Возрастная психология : феноменология развития детство, отрочество: учебник для вузов/В. С. Мухина.-9-е изд., стер.- М. : Академия, 2010.-454 с.-(Высшее образование)
Ермолаева, М. В. Основы возрастной психологии и акмеологии: учебное пособие/М. В. Ермолаева.-М.:Ось-89, 2011
Шаповаленко, И. В. Возрастная психология (Психология развития и возрастная психология):учебник для вузов/И. В. Шаповаленко.-М. : Гардарики, 2009