Пән бағдарламасының (syllabus) титул парағы



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата19.10.2023
өлшемі154,9 Kb.
#119562
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Әдебиеттер тізімі: 
(1, 2, 3, 4)
10 Тақырып. 
Солтүстік және Оңтүстік Америка аймақтарына кешенді елтанулық сипаттама
Жоспар:
1. Америка Құрама Штаттары. Географиялық орны және табиғат ресурстары.
2. Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі.
3. Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі.
4. Канада. Географиялық орны және табиғат ресурстары.
5. Халқы және мемлекеттік құрылысы.
6. Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі.
Америка Құрама Штаттары.
 
Географиялық орны және табиғат ресурстары. Географиялық
орнының ерекшеліктері. Теңіз және кұрғақтағы шекаралары. Пайдалы казбалардың қоры, шоғыры
және кен орындарының орналасуы. Халқы. Халқының динамикасы. Халқының қалыптасуындағы
иммиграцияның орны. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы. Урбанизация деңгейі, урбанизация
проблемалары. 
Шаруашылығы. Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі.
 
Әлемнің басқа елдерімен
салыстыру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Ауыл шаруашылығы.
"Американдық" ауыл шаруашылығын дамыту типі (Оңтүстіктен басқа). Ауыл шаруашылығының


әлеуметтік құрылымы. Аграрлық қарым-қатынастар. Өсімдік пен мал шаруашылық салаларының
орналасуы. Ферма типтері мен олардың орналасуы. Ауыл шаруашылық аудандары. 
Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі. АҚШ-
ты дүниежүзілік рыноктағы ірі қаржы экспортер ретінде қарастыру. Континенттер мен мемлекеттерде
американ қаржысалымдарының таралуы. Дүниежүзілік рыноктағы АҚШ алып отырған орнының
әлсіздену факторлары. АҚШ-тың Батыс Еуропа елдерімен, Канадамен, Латын Америкасы елдерімен,
Қиыр Шығыс елдерімен байланысы және қарама-қайшылықтары.
Канада.
 
Географиялық орны және табиғат ресурстары. Минералдық шикізатқа және металл
ресурстарына, мұнайға және калий тұздарына бай болуы. Гидроресурстардың, орман байлықтарының
молдығы. Климаттың шаруашылыққа кері әсері.
Халқы және мемлекеттік құрылысы. Халықтың қалыптасу факторлары. Иммиграцияның рөлі.
Негізгі ұлттық топтар, олардың сипаттамасы. Халықтың тығыздығының төмен болуы, біркелкі
орналаспауы. Урбанизация, қала және елді мекендердің түрлері. Халықтың кәсіби және топтық
құрамы. 
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі. ІІ-Дүниежүзілік соғыстан кейінгі
дамуының күшейюі. Гидроэнергетиканың және энергияны кажет ететін өндірістің ерекше рөлі. Басты
ауыл шаруашылық аудандары. Көлігі. Ішкі көліктің дамуы, оның ерекшеліктері. Құбыр көлігі.
Сыртқы экономикалық байланысының маңызы. Сыртқы сауданың көлемі, кұрылымы, бағыты. Төлем
балансы. Экономикалық аудандары. Ел экономикасында оның рөлі және әртүрлі дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет