Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4) 2 Тақырып. Елдің географиялық орны елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар: 1.
Елдердің аумақтық ерекшеліктері
2.
Елдердің. шекаралық ерекшеліктері
Мемлекет аумағы– белгілі бір мемлекеттің егемендігіндегі географиялық кеңістік бөлігі, ол
мемлекеттің халықаралық деңгейде танылған аумағы болып табылады.
Жерінің ауданыбойынша ірі тоғыз елді (Ресей Федерациясы, Ка-нада, Қытай, АҚШ, Бразилия,
Аустралия Одағы, Үндістан, Аргенти-на, Қазақстан) атауға болады, олардың жерінің ауданы бірігіп,
адам қоныстанған құрлықтың 55,8 %-ын құрайды.
Ал жерінің ауданы 30 мың км2-ден аспайтын микромемлекеттер-ге Еуропадағы «ергежейлі»
мемлекеттер мен Мұхиттағы аралдық мемлекеттерді жатқызуға болады: Ватикан, Монако,
Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Мальдив Республикасы, Науру, Тувалу және т.б.
Ұсақ мемлекеттердің алып жатқан аумағы адам қоныстанған құрлықтың бар болғаны 1,3%-
ын құрайды
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4) 3 Тақырып. Территория, табиғат елтанулық сипаттама компоненті ретінде
.
Жоспар: 1. Территория елтанулық сипаттама компоненті ретінде
2.
Табиғат елтанулық сипаттама компоненті ретінде
Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуыбойын-ша да мемлекеттер
айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын иге-руде, экономикалық дамуына, мемлекеттік
шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше
типтерге бөліп қарастыралды:
1.Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер(Чили, Норвегия, Шве-ция, Вьетнам, Италия, Панама,
Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген
километрге созылып жатыр. Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығы-нан шалғай
жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді. Мысалы, Чилидің орта бөлігінде орналасқан
астанасы Сантьяго қаласы солтүстігіндегі шөлді аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз
маңы аудандарымен экономикалық жағынан әлсіз байланысқан. Италияның солтүстіктен оңтүстікке
созылып жатуы, елдің оңтүстігі мен солтүстік аудандарының экономикалық тұрғыда біркелкі
дамуына кедергі келтіруде.
2. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Ис-пания, Польша, Венгрия және
т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел
орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы
түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың экономикалық
дамуына және басқарылуына қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні қолайлы елдің
аумағында да оның игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи факторлар (биік таулар,
батпақтар және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, Перу биік Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жа-тыр.
3. Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі
бөліктен тұратын Малайзия және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай
мемлекет-терде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық бай-ланыстар бойынша
қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену
қимылдары, әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін.
Мұндай мемлекет типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін Аляска мен Гавай
аралдары негізгі аумақтан шалғайда орналасқан, бұл қосымша экономикалық шығындарға себепші
бола-ды.
4. Құрамында анклавтар бар мемлекеттер.Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа
мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан
аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін
Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы На-хичевань, Испания құрамына енетін, бірақ
Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда
мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал,
экономикалық байланыстарға қолайсыз ауданда-ры болып табылады.