Бұл жағдайда аумақтарды кешенді зерттеу үшін географияның басты салалары (физикалық,
әлеуметтік-экономикалық, саяси география) түгел «жұмылдырылады».Кешенді елтанудың басты
мақсаты – әртүрлі аумақтардың (елдер мен аудандар) біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру.
Мұндай сипат-тамаларда географиялық ғылымдардың әдістері көмегімен аумақтың бейнесін жасау
қажет.
Елтану бағытының негізін салған ресейлік ғалым Н. Н. Баранскийдің анықтауынша, бұл
сипаттамаларда «геологиядан бастап идеологияға дейінгі» мәселелер қамтылады. Жалпы алғанда, кез
келген ғылым саласының маңызды міндеті әлемді танып-білу болып табылады. Кешенді елтанудың
география ғылымының саласы ретінде ұдайы өзгеріп жатқан әлемнің географиялық келбетін танып-
білуі ең алдымен ел аумағы деңгейінде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: