Пән бағдарламасының (syllabus) титул парағы



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата19.10.2023
өлшемі154,9 Kb.
#119562
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Әдебиеттер тізімі: 
(1, 2, 3, 4)
6 Тақырып
. Елдің халқына сипаттама беру. Мәдениет рөлін зерттеудегі елтанулық тәсіл.
1.
Елдің халқына сипаттама беру.
2.
Мәдениет рөлін зерттеудегі елтанулық тәсіл.
Елдер ең алдымен халық саны бойынша айырмашылық жасайды. Жалпы халық санының өсуі
өзіндік қоғамдық-тарихи және аумақтық ерекшеліктер тән күрделі құбылыстар мен процестердің
әрекетіне бай-ланысты болады. Ғалымдар дүние жүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды
факторлар ретінде табиғи(биологиялық), әлеуметтік-экономикалық(қоғамның шаруашылық дамуы,
халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер), саяси (мемлекеттің демографиялық сая-саты), діни (діннің
демографиялық жағдайға әсері), медициналық(денсаулық сақтаудың даму деңгейі), экологиялық
(адамды қоршаған ортаның жай-күйі), гуманитарлық (халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы)
факторларды атайды. 
Қазіргі дүниеде халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды, халық
саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады
Әдебиеттер тізімі: 
(1, 2, 3, 4)
7 Тақырып
.
Еуропа аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Жоспар:
1. Еуропа елдерінің жалпы
 
сипаттамасы.
2. Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау.
3. Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы мен
ұйымдастырылуының факторлары.
4. Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мәні.
5. Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік.
Еуропа елдерінің жалпы сипаттамасы. Еуропаның саяси картасы, оның екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін өзгеруі. Дүние жүзілік аренадағы Еуропа елдерінің орны. Еуропа елдерінде
мемлекетті басқарудың түрлері, экономикалық даму деңгейі және даму жолдары бойынша
топтастыру. Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау.
Экологиялық проблемалары. Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы
мен ұйымдастырылуының факторлары; өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының географиясы. Сыртқы
экономикалық байланыстар, олардың мәні. Әскери және экономикалық блоктар. Халықаралық
қатынастарды орнатудағы жаңа саяси көзқарастар. 
Еуропада өнеркәсіпті орналастырудың және дамытудың басты ерекшеліктері. Жалпы
Еуропалық экономикалық кеңістік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет