Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит
стандарттарына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуге тиісті:
• экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;
• бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің жағдайына тексеру жүргізу
нәтижелері;
• қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезіңде заңдардың сақталуына тексеру жүргізу
нәтижелері;
• салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығын тексеру
нәтижелері;
• активтердің жағдайын тексеру нәтижелері.
Клиент басшылығына хат анық, әрі қыска, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға
тиісті. Басшылықпен жасалынған келісім бойынша басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке
хаттар жасалынуы мүмкін.
Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген
мәселелер бойынша болжанған іс-әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап
шешім қабылдауға құқықты тұлғаның (бірінші басшы, қаржы директоры, бас бухгалтер) қолы
қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін.
Басшылыққа хаттағы ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: