Жеке адамның өз аясында рефлексия коммуникативтік үдерістерді де және сол сияқты өзін-өзі ұғыну, өзіндік сана-сезім үдерістерін де қамтиды:
-рефлексия алғырлық, ықыластылық, шыдамдылық, басқа адамды бағасыз қабылдау мен түсіну және басқалары сияқты жеке адамның әріптестік қасиеттерін анықтай отыра, тұлғааралық оң қарым-қатынас кепілі болып табылады;
-рефлексия бірлескен қызмет, кооперация жағдайларында әріптестердің өзара түсіністігін және әрекеттерінің келісушілігін қамтамасыз етеді;
-рефлексия адамның өзін-өзі талдау, өзін-өзі ұғыну және өзін-өзі қайта ұғыну қасиеті ретінде өзіндік сана-сезім үдерістерін ынталандырады, адамның «Мен-тұжырымдамасын» байытады, жеке адамның өзін-өзі жетілдіруінің маңызды факторы болып табылады;
-рефлексия адамның ішкі өмірінің тұтастығы мен динамизміне әсер етеді өзінің эмоциялық әлемін тұрақтандыруға және үйлестіруге, ерік қуатын жұмылдыруға, оны икемді басқаруға көмектеседі.
Педагогикалық үдерістегі рефлексияның қызметіне мыналарды жатқызуға
болады:
• диагностикалық қызмет – педагогикалық үдеріске қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттестік деңгейін, аталған өзара әрекеттестіктің тиімділік деңгейін, жеке педагогикалық құралдарды айқындау;
• жобалық – болатын қызметтің, үлгісін жасаудың, өзара әрекеттестіктің жобалауын көрсетеді;
• ұйымдастырушылық – тиімді қызмет пен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру тәсілдері мен құралдарын айқындау;
• коммуникациялық - рефлексия ұстаз бен шәкіртінің тиімді қатынасының шарты ретінде;
• маңыздылық-шығармашылық – педагогикалық үдеріске қатысушылардың ойында олардың жеке қызметінің, өзара әрекеттестігінің мағынасын қалыптастыру;
• ынталандырушылық – қызметтің бағыттылығы мен мақсаттылық нұсқаулығын анықтау;
• түзету - педагогикалық үдеріске қатысушылардың өз қызметін, жүзеге асырып жатқан өзара әрекеттестікті түзетуге бағыттау.
Эмоциялық және көңіл-күй рефлексиясы;
Көңіл-күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады.
Іс-әрекеттер рефлексиясы;
Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді.
Оқу материалдарының мазмұны бойынша рефлексия.
Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.