Пән бойынша емтихан сұРАҚтары "педагогикалық Үдерістегі өзін-өзі танудың интеграциясы"



бет2/2
Дата19.12.2023
өлшемі44,46 Kb.
#141064
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
Байланысты:
Емтихан сурактары Интеграция

3-деңгей



  1. Оқытудың авторитарлық және рухани-адамгершілік білім беру аспектіліріне салыстырмалы талдау жасаңыз (Т-кестесі арқылы)

Авторитарлық - айналасындағы адамдармен қатынасында өктемдік көрсететін адамның мінез-құлығының сипаттамасы.

  1. «Біздің өміріміздегі тұрақтылық және жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында шағын эссе

  2. «Өзара әрекеттесу» іскерлік ойынының сценарийін құрастырыңыз

  3. Рухани-адамгершілік бағыттағы әртүрлі жобалардың тақырыптарын әзірлеңіз

  4. Мақалаға, кітапқа аннотация жазу үшін жаднама құрастырыңыз

  5. Тақырып бойынша сөйлеуді дайындау үшін жаднама әзірлеңіз

  6. Ізгілікті педагог портретін жасаңыз

  7. Мұғалімнің үш типіне (шағымданушы, түсіндіруші, шабыттандырушы) салыстырмалы талдау жасаңыз

  8. Өзін-өзі тануды интеграциялау бойынша мұғалімдерге арналған ережелерді құрастырыңыз

  9. Шынайы көшбасшы портретін құрастырыңыз

  10. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқудан тыс жұмыстың жобасын әзірлеңіз

  11. Қайырымдылық акцияны өткізудің ережелерін құрастыңыз

  12. Отбасындағы балаларға деген қарым-қатынас түрлерін талдаңыз

  13. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың алуан түрлеріне талдау жасаңыз

  14. Қыз бала тәрбиесі

  15. «Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің өзектілігі» тақырыбында эссе жазу

  16. «Ой, сөз, істің бірлігінде өмір сүру» тақырыбында эссе жазу

  17. Педагог-гуманист Ш.А. Амонашвилидің (2000 жылдан басталған) соңғы жарияланған еңбектерінің біреуіне эссе-пікір жазу

Шалва Александрович Амонашвили «Сәлеметсіңдер ме, балалар?!» атты еңбегінде өзінің педагогикалық әрекеттерінің, ең кішкентай мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуын зерттеу нәтижелерін сипаттап жазады. «Менің балалармен тәжірибе жұмыстарым, мектептегі қызықты да қуанышты күндерді ұйымдастырудағы ғылыми ізденістерім, эксперименттік сыныптың көптеген мұғалімдерімен өткізілген көп уақыт менде білім беру мен тәрбиелеуде ізгілік, оптимисттік бастаулардан туындайтын кейбір педагогикалық пікірлер қалыптасты,»- деп Ш.Амонашвили алғысөзінде жазады.Бұл еңбегінін негізгі идеясы балаларға деген махаббат, баланың нәзік жанына сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас болып табылады. Бұл сипаттаманы Ш.Амонашвилидің «Мектепке алты жастан» деген кітабына қатысты да беруге болады. «Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің тиімді түрде жүзеге асырылуы толықтай мұғалімнің тұлғасына байланысты» деп есептейді Ш.Амонашвили. Ол ең негізгісі деп есептейтін төмендегі тұлғалық қасиеттерге басты назар аударады:
Біріншіден, баланы сол қалпында жақсы көру. Тентек пен тілалғышты, ұғымтал мен ойлау қабілеті төмен, ұқыпты мен жалқау оқушыларды бөліп жармай, барлығын да бірдей жақсы көру керек. Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік бар жерде қатыгездік болмайды, намысына тиетін сөздер айтылмайды, олардың әрбір жетістіктеріне қуанып отырасың;
Екіншіден, оларды түсіне білу, яғни солардың көзқарастарымен санасу, оларды ересектерше қабылдау, қамқорлық танытқанына қуану, ақылдасып отыру. Олардың танытқан қамқорлықтары мен әрбір ісіне кешіріммен емес, үлкен құрметпен қарау керек. Балаларды түсіну дегеніміз – оларды билігіне бағындыру емес, керісінше олардың бүгінгі өміріне сүйене отырып, болашақ өміріне алғашқы дәндерін себу. Бала жүрегінің тебіренісі мен жан дүниесінің қозғалысын түсіне білген педагог оқушысының тәрбиесімен тереңдей айналыса алады.
Үшіншіден, оптимист болу, тәрбиенің оң әсер беретіндігіне сену қажет. Бұл әңгімеде баланың ішкі жан дүниесіне тереңдей ену, осыған байланысты тәрбие берудің, оқытудың, дамытудың түрлі жолдарын қарастырылған.
Төртіншіден, мұғалімнің бойынан адамға тән жақсы қасиеттердің барлығы – күлімсіреу, қаталдық, ұстамдылық, салмақтылық, сезімталдық, шынайылық, зияткерлік, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат болуы керек.
Ұстаздың осындай талпынуы аса маңызды. Ол – бұрыңғы және қазіргі заманғы ұрпақтардың рухани құндылықтары мен бала арасындағы дәнекерші. Осы құндылықтар, білім, моральды-этикалық нормалар балаларға дейін стерильді түрде жетпейді, керісінше мұғалімнің тұлғалық қасиеттері мен олардың бағасын аңғартады. Адамгершілік қасиеттері бар ұстаз балаларды білімге үйрете отырып, сонымен қоса, оларға өзінің мінез-құлқы арқылы ықпал етіп, балалардың көз алдында адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып көрінеді - деп айтылған.



  1. «Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» тақырыбында эссе жазу.

  2. «Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбында ой-толғаныс эссе жазу

  3. Гуманитарлық циклдегі пәндерге өзін-өзі тануды интеграциялау мысалдарын келтіріңіз

  4. Жаратылыстану циклдегі пәндерге өзін-өзі тануды интеграциялау мысалдарын келтіріңіз

  5. «Жақсылық жолымен» тақырыбында әлеуметтік өзара әрекеттесу қағидасы негізінде қайырымдылық ақция өткізу жобасын жасау

  6. «Баланың рухани-адамгершілік дамуындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында ой-толғау

  7. Өзін-өзі тануды математика пәніне интеграциялау мысалдарын келтіріңіз

  8. Өзін-өзі тануды география пәніне интеграциялау мысалдарын келтіріңіз

  9. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаратын белгілі бір өсиет-әңгіме құрастыру

  10. Әл-Фараби мен Л.Н. Толстойдың өмірлері мен шығармашылықтарын біріктіретін негіздерге талдау жасау

Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”[4], “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.

Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.


Лев Толстой жан сыры немесе тәубе

  1. Өзін-өзі тану бойынша пәндік олимпиаданың сценарийін құрастыру

  2. «Өзін-өзі тану сабақтарында Сократтың әңгімелеу өнерін қалай қолдануға болады?» тақырыбында ой-толғау

Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.
Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет