ПӘН БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ"
1-деңгей
1. "Педагогикалық үдерісте өзін-өзі тануды интеграциялау" пәнінің мақсаты мен міндеттері
Еліміздің жас ұрпағына жасалған игілікті істің түйіні ретінде ізгілік әлеміндегі жаңа бастама «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы дүниеге келді. Жеке тұлғаның құндылықты бағдары, адамгершілік сапалары, адамның тұтас болмысы туралы ой қозғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын бұл бағдарламаның мақсаты әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуге; адамның өзін-өзі толық іске асыруға; өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуға; қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге; әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады.
«Өзін-өзі танудың» оқыту білім алушыларға:
әлемнің тұтастығын, адамның, қоғамның және табиғаттың бірлігі және өзара тәуелділігін;
адамның, оның өмірінің және абыройы мен қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарының құндылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарға жақындығын көрсетуді;
қоғамдағы өзінің орны және неге арналғандығын, өзін-өзі мейлінше толық шығармашылық жүзеге асыру қажеттілігін;
өмірдегі адами қарым-қатынастар құндылығын (отбасы, махаббат, достық) терең үйретіп, олардың танымдық белсенділігін, адамгершілік сапаларын дамытуға негіз болады.
2. Білім беру жүйесіндегі өзін-өзі танудың мақсаты
3. Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білімнің басымдығы
4. Білім беру жүйесіндегі Мета пән ретінде өзін-өзі танудың маңызы
Метапән – стандарттық білім мазмұнымен ғана шектелмей, әр пән сабақтарының ғылыми мазмұнын жүйелеп, талдап, анализдеп, зерттеу жүргізіп, өзіндік ой тұжырым жасауына және өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуына, шығармашыл дамуына негіз болатын инновациялық әдіс.
5. "Өзін-өзі тану" пәні мен басқа да оқу пәндерін біріктірудің философиялық алғышарттары
Біз компьютердегі операциялық жүйені жаңартып (обновление) тұрғандай адамның да миындағы қажетсіз ақпараттардан арылып, рухани жан дүниені тазартып тұру қажет. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемел келеді. Абай атамыз тәнді жан билеу керек екенін айтады. Біз өмір сүріп жатқан дүние жақсылық пен жамандық, арлы, намыстылық пен арсыздық, намыссыздық, сұлулық пен көріксіздік, мейірімділік пен қатігездік, адалдық пен харамдық тәрізді бір-біріне қарама-қайшылықтардан тұрады. Әркімнің рухани байлығы оның ісінен, мінез-құлқынан, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын көрінеді. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекетіде соғұрлым саналы болып келеді. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақытқа бөлейді деген ойдамын.
6. Қазіргі ғылымның аксиологиялық әлеуеті
Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған.
Сөйтіп құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Аксиология теориясы туралы айту үшін ол онтологиялық негіздерден өзінің салыстырмалы еншісін алу керек еді. Сондықтан Антика заманында өзіндік құрылымы бар, құндылықтар туралы ілім - аксиология қалыптаса қойған жоқ еді. Бірақ, құндылықтардың абсолютті және салыстырмалы қасиеттері туралы түсініктер ерте заманнан-ақ пікірталастар туғыза бастады. Мәселен, Платон үшін ең жоғарғы құндылықтар абсолютті түрде өмір сүреді, ал софистер болса, өздерінің атақты "Адам барлық нәрсенің өлшемі" деген тезисі арқылы барлық құндылықтардың адамдардың бағалауынан өтетінін білдіріп, олардың салыстырмалы қасиетіне назар аударған.
7. Ежелгі философиядағы ғылыми және этикалық білім синтезі идеясы
Конфуцийдің ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін,
адамдардың бірлесіп ӛмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті
қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да
ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған.Конфуцийдің саяси-этикалық
маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың
кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін
анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да, осы қатарда. Ол «текті ерлерді»
(цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып
отырған».
Б.д.д. (VII-VI ғғ.) Грекиядағы саяси және экономикалық қолайлы
жағдай философиялық ойлаудың жақсы дамуына оң ықпал етті. Дәл осы
уақытта алғашқы қоғамдық құрылыстан құлиеленушілік кезеңге кӛшу жүзеге
асты. Әлеуметтік-мемлекеттік ұйым полис (грекше қала-мемлекет)
азаматтардың этикалық кӛкжиегін айқын кӛрсетті. Мемлекет нормаларына
сай мемлекет бостандығы жеке адамның бостандығының кепілі болды.
Сондықтан колониялардығы бостандық пен ӛзге жақпен байланыстың жақсы
болуына орай философиялық ой алғашқы болып Грекияда емес Милетте,
Шығыста – Кіші Азияда және Оңтүстік Италияда жақсы дамыды. Содан
кейін ғана Грекияның ӛзінде дамыды
. Платон адам баласын тәрбиелеуді
этикалық тепе-теңдік рухында ұсынады. Ӛзі мемлекет идеалды болу керек
делінетін ұғымын ұсынады.
Платонның еңбектерін үш кезеңге бӛлуге болады: ол Сократтың
«этикалық рационализм» идеясын философиялық антропология, сонымен
танымның диалектикалық әдісі.
Этикалық социализм туралы ілімінде социалистік идеалға ұмтылу
мәңгілік жүріп отырады делінеді, ал ол идеалға жету – іс жүзінде
орындалмайтын нәрсе. Когеннің этикасы У. Бернштейннің марксизмді
қайта қарау негіздеріне арқау болды. Ол «Дүниедегінің бәрі – қозғалыс, ал
оның соңғы мақсаты – ешнәрсе де емес» деген тезисті ұсынды.
8. Білім берудің этикалық жағы туралы ұлы ойшылдардың идеялары (и. Ньютон, г. в. Лейбниц, Б. Паскаль, М. в. Ломоносов, Д. И. Менделеев және т. б.)
Лейбниц ұсынған ең маңызды философиялық қағидалардың бірі - табиғаттың сабақтастығы және жеткілікті ақыл.
Табиғат сабақтастығы бір жағынан шексіз аз есептеумен байланысты: шексіз үлкен және шексіз кіші қатарлары бар, үздіксіздікті қадағалайтын және алдынан артқа қарай оқылатын және керісінше сандық шексіздік.
Бұл Лейбницте табиғат бірдей принципті ұстанады, сондықтан «табиғатта секірулер болмайды» деген идеяны күшейтті.
Екінші жағынан, жеткілікті себеп «ештеңе себепсіз болмайды» дегенді білдіреді. Бұл принципте субъект-предикаттық қатынасты ескеру керек, яғни А - А.
Паскальдың христиандық кӛзқарасы скептицизммен біркелкі, сол
себептен шексіздікті тануда сенімсіздік тудырады. Ғалымға осы мәселенің
терең мағыналығы жетіспейді, сонда теолог философты шектетті. Адамның
табиғаты мен ойлау қабілетін скептикалық бағалауы жоқ. Адам – бұл
табиғаттаға ең әлсіз және қабілетсіз жан, ӛзінше «ойлаушы» деп Паскаль
бекіткен.
9. Қазақстандағы білім беру идеясының рухани-адамгершілік бағдарлары
Жаңа ғасыр жастарының білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, адамгершілік қадір-қасиеттерін, дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, жағымды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік екендігі ҚР білім беру саласындағы ресминормативтік құжаттардың бәрінің негізіне салынған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі, білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту мәселелері» айрықша атап көрсетілген
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру авторлық бағдарламасы бойынша 2001 жылдан бастап еліміздің білім беру ұйымдарында эсперимент жүргізіліп, оған 61 мектепке дейінгі мекеме, 75 жалпы білім беретін мектеп, 10 мектеп-интернат, 1 колледж, 30 жоғары оқу орындары қатысты.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын эксперименттік байқаудан өткізуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
«Бөбек» ҰҒПББСО-ның Адамды үйлесімді дамыту институтына жүктеліп, пәннің стандарты, оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері әр кезеңнің талаптарына сай дайындалды.
Қазақстан Республикасында рухани-адамгершілік білім беру тұжырымдамасының алғашқы нұсқасы психология ғылымының докторы, профессор Х.Т. Шерьязданованың жетекшілігімен дайындалды.
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің келесі тұжырымдамалық негіздері 2002 жылы ҚР БҒМ Философия және политология институтының ғалымдары профессорлар Ә. Нысанбаев пен Г.Г. Соловьева жазған «Балалармен бірге өзгереміз» атты еңбекте көрініс тапты.
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің оқулықтары мен ОӘК 2003 жылы жасалған мониторингтік нәтижелер бойынша жоғарыда айтылған екі бағдарламаны біріктіріп, пән бойынша интеграцияланған бір бағдарлама жасау қажеттілігі ұсынылды.
«Бөбек» ҰҒПББСО адамның үйлесімді дамуы институтында 2004 жылы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының дамытуды жетілдірудің жаңа стратегиялық бағыттары жасалды
10. Рухани-адамгершілік және зияткерлік білім беруді интеграциялаудың дүниетанымдық негіздері
11. "Өзін-өзі тану" пәнін және басқа да оқу пәндерін интеграциялау аспектілері
12. Ғылымның даму кезеңдері: классикалық, классикалық емес және постклассикалық
13. Адамгершілік-рухани парадигма жағдайындағы мұғалімнің негізгі миссиясы
14. Тұлғаның гуманистік қасиеттерін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі
15. "Өзін-өзі тану" пәні мен лингвистикалық цикл пәндерінің интеграциясы
16. "Өзін-өзі тану" пәні мен эстетикалық цикл пәндерінің интеграциясы
17. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген эстетикалық цикл
18. Шығармашылық және практикалық қызмет арқылы берілетін таным
19. "Өзін-өзі тану" пәні мен әлеуметтік-тарихи цикл пәндерінің интеграциясы
20. Әлеуметтік-тарихи циклде оқушылардың ұлттық адамгершілік құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыру
21. Тұлғаның гуманистік қасиеттерін қалыптастырудағы ата-аналардың рөлі
22. Азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу
23. "Өзін-өзі тану" пәні мен математиканы интеграциялау
24. "Өзін-өзі тану" және география, биология, әлемді тану пәндерінің интеграциясы
25. "Өзін-өзі тану" пәні мен экономикалық пәннің интеграциясы
26. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
27. Мұғалімдердің ата - аналармен бірлескен жұмысы
28. "Өзін-өзі тану" пәні мен гуманитарлық цикл пәндерін интеграциялау
29. "Өзін-өзі тану" пәнін басқа пәндермен біріктіру мүмкіндіктері
30. Мұғалімнің дүниетанымдық ұстанымы
2 деңгей
1. С. Ә. Назарбаеваның оқушылардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру туралы идеялары
СараАлпысқызы Назарбаева есептегендей «әрбір адам туғаннан қалыптасқан қабілеттіліктерді толықтай мүмкіндігінше іске асыру үшін, сонымен қатар тек мемлекетк еғана емес Жердегі барлық адамдарға пайда әкелу үшін білім арқылы біз өз коғамыңыз да адамгершілік-руханиқұндылықтарды жаңартуды тілейміз».
«Дұрыс моральдық компасқа негізделген жеке өсу біздің қоғам үшін көптеген өзекті мәселелерді шешуге жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда «Өзін-өзі тану» сияқты адамгершілік, рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша білім беру бастамасын енгізу тәжірибесі шын мәнінде бірегей. Осы жобаның идеялық шабыттандырушысы – Назарбаева Сара Алпысқызы
2. М. Монтень адамгершілік-рухани білімнің зияткерліктен басымдығы туралы
Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға кез келген басқа ғылым тек қана зиянын тигізеді.
М. Монтень
орта ғасырларда өмір сүрген француз философы М.Монтень айтқандай: «Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға кез келген басқа ғылым тек қана зиянын тигізеді».
Рухани – адамгершілік білім беру жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға бағдарланған. Адамгершілік адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші ретінде оның абыройын, жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстануын білдіреді. Руханилық – адамның материалдық емес, адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген адам мен адамзат өмірінің рухтық – сезімдік жақтары, адамдардың өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік әрекеті.
3. Н. И. Пирогов "университет мәселесі" жұмысындағы адамгершілік туралы
Белгілі педагог Н.И.Пирогов “Университет мәселесі” деген еңбегінде: “Біздің бүкіл адамгершілік шындық мейірімділік нұр дегеніміз барлығы ілім. Адамды тәрбиелемей оқыту дегеніміз- оқыту емес, басқа бір нәрсе істеу” Николай Иванович Пирогов
4. Ұлы педагог Ш. А. Амонашвили тірі білім туралы
Ш. А. Амонашвили идеялық рухтандырушысы болып табылатын гуманистік педагогика халықаралық білім беру кеңістігінде адамның құрметі басты игілік болып табылатын нақты халық мәдениетінің жалпыадамзаттық құндылықтары мен құндылықтары негізінде педагогтар достастығымен нығайтылады. Үшінші мыңжылдық педагогика – гумандық педагогика теориясының негізін адамзаттың классикалық рухани – философиялық және педагогикалық мұрасында қалыптасқан идеялар жиынтығы, сондай-ақ қазіргі заманғы білім берудің шығармашылық жетістіктері мен тірі этика идеялары құрайды.
Білімді ізгілендіру – оқу мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мұғалім басшылыққа алатын ізгілендіру идеяларын тарату үдерісі; мұғалім мен оқушы арасында тұлғалық-тең құқық қатынасты орнату.
5. Иммануил Канттың Философиясы
Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.
Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.
Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында - «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок, танылмайды» - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.
6. Ұлы ойшыл және ақын Абай Құнанбаевтың білімі туралы идеялар
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Абай мерейтойында сөйлеген сөзінде былай деп айтқан болатын: “Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болар еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. Өз халқын “жұрт болсын, өссін, өнсін” дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын. Абайға құлақ ассын.
7. М. Жұмабаевтың танымы туралы тұжырымдаманың ерекшеліктері
8. "Өзін-өзі тану" пәнінің мазмұнын таңдауды реттейтін дидактикалық негіздер,
9. "Өзін-өзі тану" пәні мазмұнының құрылымы
10. Ирена Стулпинене"физика жүрек тілі" жұмысындағы мұғалімнің дүниетанымы туралы
Мұғалімнің үлесі мынадай: мектеп мұғалімі өзін өзі жасамайды, тек таныстырады
адамзат бұрыннан табылған және жасаған ең жақсысы бар үй жануарлары. Бұл ұстазды жаңа идеялардың да, мәңгілік даналықтың да сенімді жүргізушісі болуға міндеттейді.
Сондықтан да – барша авторларға терең тағзым мен шын жүректен алғыс айтамыз
келтіруге тура келді.
Сабақ бос болады, онда фактілер, проблемаларды шешу және әртүрлі талаптар үстемдік етеді, бірақ жақсы эмоциялар мен жоғары сезімдер келуге келмейді. трагедия қашан
жаратылыстану сабақтарында «негізгі табиғат» – адамға орын жоқ. Бірақ мұғалім суретші сияқты ой мен жүректі шығармашылықпен байланыстырса, физиканың өзі өзін-өзі танудың жанды ғылымына айналуы мүмкін.
Егер мұғалімде өзінің бүкіл жұмысын құрайтын дүниетанымдық негіздері болмаса, онда
әрине, білім беру жүйесіндегі өзгерістер оны үнемдеу әдістерін көбірек іздеуге мәжбүр етеді.
11. Жалпы адамзаттық принциптердің маңызы
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор.
12. Оқу процесінде жеке тұлғаны анықтау және өзін-өзі дамыту принципі
13. Бірлік принципі
Бірлік принципі. Бағынушы мен басшының арасындағы қарым-қатынас неғұрлым толық болса, соғұрлым оның қарама-қайшы нұсқаулар алу ықтималдығы аз болады және жұмыстың салдары үшін жоғары жеке жауапкершілік артады.
14. Оқушылардың озық ғылыми-зерттеу шығармашылығының принципі
Жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып
бӛлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын
бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара
қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап- зерттеу
зерттеушігі құнды мәліметтер береді, егер оқушылар ӛздерін басқаша ұстайды.
Педагогикалық үдерісте бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік мотивтерін туындату үшін, мұғалім оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін меңгеру қажет. Олар:
мәселені көре білу;
сұрақтар қою;
болжамды ұсына білу;
дағдыларын анықтау;
топтастыра білу;
бақылау ;
эксперимент жүргізу;
қорытынды жасау;
материалды сұрыптау;
өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау.
15. Әлеуметтік өзара әрекеттесу принципі немесе қоғамға қызмет ету принципі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаттарына негізделеді:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;
7) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
8) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;
9) меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;
10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
11) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
13) әдептілік;
14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
15) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
16) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;
18) мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
20) мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы;
Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
16. Позитивтілік принципі
Балаларға өмірлік қиындықтарды жеңу және олардың әлеуетін толық ашу үшін өз бойында күш табуға көмектесетін позитивті ата-ана тәрбиесінің бес маңызды қағидасы бар. Бұл принциптер:
Өзгелерден ерекше болған дұрыс.
Қателік жасау дұрыс.
Теріс эмоцияларды көрсету қалыпты жағдай.
Көбірек қалау жақсы.
Келіспеуіңізді білдіру дұрыс емес, бірақ ана мен әке жауапты екенін есте сақтаңыз.
17. Мәдени әртүрлілік принципі бұл мономәдениетке, жаһандық мономәдениетке немесе жалпы алғанда мәдениеттің құлдырауына ұқсас мәдени айырмашылықтардың жойылуына қарсы көптеген алуан түрлі мәдениеттердің болуы.
Әлемде бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін көптеген жеке қауымдастықтар бар. Олардың көпшілігі осы ерекшеліктерді бүгінгі күнге дейін сақтап қалды. Адамдардың тілі, киімі, салт-дәстүрі сияқты мәдени айырмашылықтары бар. Тіпті өз алдына, қоғамды ұйымдастыру елеулі түрде ерекшеленуі мүмкін, мысалы, адамгершілікке қатысты немесе қоршаған ортаға қатысты. Мәдени әртүрлілікті биоәртүрлілікке аналог ретінде қарастыруға болады.
Мәдени әртүрліліктің себептері
Мәдени әртүрлілік уақыттың өтуімен және адамның іс-әрекетінің дамуымен тоқтаусыз жылдамдыққа ие болатын баяу процесс ретінде басталды.
Мысалы, мәдени алуантүрлілік әр түрлі шығу тегі бар адамдар кездескен жаңа территорияларды басып алу, шайқасу және жаулап алу процестерінен туындайды. Бүгінгі таңда мәдени әртүрлілік барлық жерде және жаңа білімді дамытуға мүмкіндік берді.
Үлкен мәдени әртүрлілігі бар елдердің мысалдары Австралия, Қытай, Бразилия, АҚШ, Мексика және басқалары.
Екінші жағынан, экономикалық және саяси іс-шаралар мәдени әртүрлілікті әр түрлі құралдар арқылы алға тартты.
18. Табиғаттану принципі
Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер
негізінде жүргізілуі керек:
Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі.
Табиғат және қоғам жүйсінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып
отыруы керек. Табиғат қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар
өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің
табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек.
Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл
принципті сақтау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады. Табиғат пайдалануды
әлеуметтік қажетке бағыттау. Табиғатты адам игілігіне айналдыру болып
табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы
өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек. Өндірістік экологиязациялау
принципі. Өндірісті экологиязациялау – табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан
келтірмейтін экология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің
өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі:
экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру, шикізат өндірісінде озық
технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз
қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңейту, өндірісті
23.05.2023, 09:38 Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу принципі
https://zharar.kz/id/76207 2/7
экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту,
жою т.б. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және
ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда
ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады: шикізат
өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек. шикізатты
тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқынынан артық болуы
керек. қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатқа нұқсан келтіруші
салалардың өсу қарқынынан басым болу керек. табиғат байлығын қалпына
келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші салалардың өсуінен
кем болмауы керек. табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны
барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық
болуы керек. 5. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу
принципі. Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе, оның тиімділігігін арттыру
мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат
байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді
пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін
ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады. 6.
Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мүмкіндіктері, варианттары
сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып
анықтауға болады. 7. Аймақтық принцип. Табиғат байлығының аймақтық
орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші түріне бір аймақта үйлесімді орналасуы,
орналасу тиімділігігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Аймақтық
принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін
арттырудың басты негіздерінің бірі. 8. Кешенділігі. Табиғат байлықтары
адамзаттың сан алуан қажеттілігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері
де сан қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген
материалдық шикізат табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа түрінде болады.
Сонымен қоса материалдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол
мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері,
өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады. 9.
Нарықтың заңдарына сәйкес барлық табиғат байлықтарын пайдалану төлемді
болуға тиіс. Төлемділік принцип негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану,
табиғи ортаны қорғау тиімділігігін арттыруға болады.
Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір – бірімен
тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану
деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде
өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта
болады.
19. Ұлттық ләззат принципі
Ләззат принципі (нем. Lustprinzip) Зигмунд Фрейд теориясындағы психикалық аппараттың төрт қағидасының бірі болып табылады, тұрақтылық принципімен, нирвана принципімен [қайнар көзі 4382 күн көрсетілмеген] және обсессивті қайталау принципімен бірге.
Ләззат принципі психиканың стрессті ең төменгі деңгейге дейін төмендетуге ұмтылуын сипаттайды. Сондықтан Фрейд 1920 жылғы «Ләззат принципінен тыс» еңбегінде «рахаттану принципі өлім дискісіне бағынады» деген парадоксалды қорытынды жасайды - олардың екеуі де ағзаны минималды - идеалды нөлдік - психикалық деңгейге жеткізуге тырысады. жүк.
20. жапондық Масару оқулығының ашылуы өзін-өзі тануды дайындаудағы эмоция
Жапондықтар балаларына дауыс көтермейді, қол жұмсамайды. Баланы ертеден дамыту ойын жапондықтар біріншілердің қатарында айтқан болатын. Жарты ғасыр бұрын әлемге әйгілі «Сони» фирмасының негізін қалаушы Масару Ибуканың «Үштен кейін кеш» атты кітабы жарық көрді. Бұл жапон педагогикасының дамуына жаңа дем бергені анық.
Жапон елінде 1994 жылы жүргізілген жаппай сұрақ-жауап барысында
ата-аналардың шамамен 64% тәрбиелеудегі басты рөл өздеріне тиесілі деп
есептейтіндерін растады: ал сауалнамаға қатысқан басқа жауап берушілер,
тәрбиелеу түгелімен отбасының ісі болуы тиіс деп жауап берген. Оңтүстік
Корея елінің ата-аналарының жауабы да осы көрсеткіштер аясында болды [4].
Елімізде ықылым заманнан бері қалыптасқан ұлттық рухани-бай тәрбие
негізі мен Масару Ибука ілімінің үндес екенін анық байқауға болады. Қазақ
халқы ежелгі заманнан бері ұрпақ тәрбиесіне ерекше ақылмен, байыппен
қараған халық. «Ұл туса – жақсылық, ата-бабаларының жолымен жүрсе –
игілік» – деген халқымыз.
9
Қазіргі уақытта бала тәрбиесі заман талабына сай жаңа тәсілдерді де
қолдануды талап етеді. Ұрпақ тәрбиесі аса маңызды өмірлік проблема болып
отыр және оны шешуге әрқайсымыз жеке және қоғам болып белсенді түрде ат
салысуға тиіспіз
21. оқушылардың өзін-өзі тануға дайындықтағы жүрек-қантамыр жүйесі туралы ашықтығын білу
22. А. и. гончаренконың өзін-өзі тануды дайындаудағы "құру және физикалық шындық" жұмысын білу
Тәжірибедегі жағдай жүрек жұмысында бұрын белгісіз болған құбылыстарды анықтады, бұл оның қайта ойлануының сөзсіздігіне әкелді. Қанды дененің барлық тамырларына айдай отырып, жүрек оны бір уақытта әртүрлі құрамдағы бөліктерге бөледі, олар тек белгілі бір мүшелерге бағытталған. Бұл механизмді жүрек қарыншаларының ішкі бетінде орналасқан «мини-жүректер» орындайды. Олар белгілі бір органдармен және дене бөліктерімен байланысты. Бұл жүректерде қарыншалардың қуыстарында эритроциттердің шпиндель тәрізді «пакеттерін» қалыптастыруға арналған «гемоника» құралдарының барлық қажетті жиынтығы бар.Систола кезінде жүректің шығыс арналары бұл пакеттерді конъюгацияланған органға мақсатты бағытта орнатады. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылу функциясы оның соққылық қысылуы кезінде қарыншаның қан көлемінде пайда болатын магниттік импульс арқылы іске асады. Жүрек-тамыр жүйесі біздің денеміздің жеке жоғары ұйымдасқан құрылымы екендігі анықталды. Оның өз миы (жүрек миы), өз жүрегі (жүрегі) бар және тамырлар арқылы эритроциттердің ақпараттық-энергетикалық пакеттерінің траекториясын басқаратын өз толқындық-гемодинамикалық байланысы бар. Сонымен қатар, ол денеде уақыттың барлық формаларын материалдандырып, таратады және сананы ілгерілету жүйесі қызметін атқарады
23. Ш. Құдайбердіұлы"кеңес ғылымы" білім беру мекемелеріне енгізу туралы
24. адам өміріндегі Махаббат күші
25. Арт-Онг Джумсайдың нұсқалары
«Қазақстан және әлемнің өзге мемлекеттерінде балалар білімді болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Біліммен қатар, жасөсіпірімдерде адами қасиеттерді бойына сіңдіруге тырысуымыз керек. Бүгінгі балаларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу жолдарына айтамын», – деді педагог Арт Онг Джумсай (Таиланд).
Ғалым өз сөзінде заманауи білім табыс табуға мүмкіндік беретін білім беретінін, бірақ бізге барлық адамдардың бейбіт өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім қажет екенін атап өтті. Арт Онг Джумсай өз мектебінің жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы жетістіктері мен болашағын және олардың қоршаған ортаға зиянсыздығы, пайдалану шығындарының төмендігі және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетті: студенттер мұғалімдермен бірге органикалық өнімдерді пайдаланып жылына 30 тоннаға дейін күріш өсіреді. зат, күн панельдері мен жел диірмендерінен энергия алады, биоотын шығарады.
26. Білім беруді ізгілендірудегі мұғалімнің рөлі
Эксперименттік байқаудан өту және жеке пән ретінде оқу-тәрбие үдерісіне енген уақыт аралығында еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде өзін-өзі тану мұғалімінің зерттеуші, әдіскер маман ретіндегі кәсіби бейнесі қалыптасты. Өзін-өзі тану мұғалімдерін дайындаудың кәсіби мазмұны өзін-өзі тануды жарыққа шығару және оқушының өзін-өзі тануына ықпал ету миссиясымен айқындалады. Әр оқушының өзін-өзі жарқырата көрсете алуы, өзінің ішкі мүмкіндіктері мен тұлғалық әлеуетін жетілдіре білуі олардың қоғамға қызмет етудегі басты көрсеткіші болары анық.
27. "өзін-өзі тану" және басқа гуманитарлық пәндерді біріктірудің құндылық принципі
28. жаратылыстану циклі пәндерімен" Өзін-өзі тану " интеграциясының қиындықтары
29. В. Ф. Бак альтруизм Заңы туралы
В.Ф. Бак «Биология жүрек тілімен» кітабында альтруизм заңы аталады.
Өмір – ашық жүйе. Оған үзіліссіз қуат пен ақпарат ағыны құйылып жатады да,
өмірді қоректендіріп, нәрлендіріп жатады.
Тіршіліктің әр бөліктері арасында ақпараттық- қуаттық алмасып жатуы Ғарыш
заңдылығының бір маңызды бөлігі.
Ол адамдық мораль деңгейінде «егер алғың келсе, бере біл» деген ұстанымен
бекітілген.
Биологиялық жүйеде өмірдің тұтас ағза ретінде дамуы оның жеке құрамдас
бөліктерін «өзінің мүддесі үшін құрбан» етеді. Альтруизм адамның адамгершілік
сапасы ғана емес, бұл—өмір қағидасы да. Әр жеке клетка өз дамуын, өсуін басқа
клеткалар үшін құрбан етеді.
Дұрыс қуаттық-ақпараттық алмасу барысында, кері байланыс болған жағдайда
көп клеткалы ағзаның әр клеткасы өзіне қажеттінің бәрін ала алады да, тұтас
ағза өсіп жетіледі
30. Артонг Джумсай өзін-өзі тану
Достарыңызбен бөлісу: |