Пән бойынша глоссарий "Дене тәрбиесі мен cпорт түрлерінің физиологиялық негіздері",


Спорттық физиологияның даму тарихы



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі22,44 Kb.
#11323
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СФ-каз-1(2) (1)

Спорттық физиологияның даму тарихы.

Кеңес өкіметі кезеңінде спорттық физиологияның дамуы 1919 жылғы 22 қазанындағы Халық комиссариатының жарлығымен Дене шынықтыру білім беру жоғарғы сана құрамындағы П.Ф.Лесгафт атындағы Дене шынықтыру институтының ашылуымен және осы институтта физиология кафедраларының жасақталуымен байланысты. Алғаш ашылған физиология кафедрасын 1919-1927 жылдар аралығында КССРО ғылым академиясының мүшесі, КССРО медицина ғылымдар академиясының мүшесі, Социалистік еңбек ері, КССРО мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көптеген шетелдік академиялардың құрметті мүшесі Леон Абгарович Орбели басқарды. Осы жылдарда Л.А.Орбелидің басқаруымен ағзаға физикалық жүктемелердің әсері туралы алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалынды. Алайда, пән медицина институттарының бағдарламалары бойынша жалпы физиология пәнінен дәрістер оқу, лабораториялық жұмыстар жасалу тұрғысынан оқытылды. Ал, спорттық физиология тұрғысынан алғанда, физикалық жаттығулардың ағзаға әсері туралы жекелеген медициналық сұрақтар қарастырылды. Пәннің осы тұрғыда оқытылуы, бұлшық ет физиологиясы ғылымы туралы білімнің сол кездегі еліміздегі және шет елдегі жағдайы туралы шынайы көрінісін берді. Бұл кез спорттық физиологияның даму тарихының алғашқы кезеңі болатын.

Л.А.Орбели кеткен соң, кафедра меңгерушісі болып Алексей Николаевич Крестовников сайланып, 1927-1955 жылдар аралығында 28 жыл бойы басқарды. Осы жылдар аралығында кафедра қызметкерлері әр түрлі физикалық жаттығулардың әсерінен спортшы ағзасында болатын фунуционалдық көрсеткіштер бойынша және оларды саралау бойынша өте көп жұмыс жасады. Осындай жасалынған сараптамалардың көмегімен профессор А.Н. Крестовников алғаш рет 1938 жылы дене шынықтыру институттарына арналған физиология оқулығын, ал 1939 жылы спорттық физиологиядан бірінші монографиясын жазып шығарды. Бұл кітаптардың басылып шығуы адам физиологиясы пәнінің жаңа оқу және ғылыми саласы - спорттық физиологияның құрылуына себеп болды. Міне, осы кезден бастап спорттық физиологияның дамуында екінші кезең (1930-1950-ші жылдар) басталады. 1955-1960 жылдар аралығында кафедраны профессор Евграф Константинович Жуков басқарды.

Спорттық физиология ғылымының даму тарихының үшінші кезеңі (1960-1990-шы жылдар) пәннің оқулық және ғылыми тұрғыда жүйелі түрде оқытылуымен, дене шынықтыру мен спорт саласында жоғары білімді мамандарды дайындау тұрғысында жұмыстар жасалынуымен айқындалды. Сол кездегі кафедра жұмысы құрылымындағы айта кетерлік бір ерекшелік, кафедра жанынан спорттық физиологияның негізгі бөлімдері бойынша ғылыми зертхананың ашылуы болды.

Зертханада жүргізілген әр түрлі зерттеулер спорттық биомеханика саласында, спорттық жаттығуларды энергетикалық сипаттау тұрғысынан жіктеуде, сонымен бірге, қимыл-қозғалыстың спортшы ағзасына әсерінің физиологиялық механизмдерін, спортшы ағзасының резервтік мүмкіншіліктерін, спортшы ағзасының физикалық жүктемелерге және сыртқы ортаның әр түрлі әсерлеріне бейімделісінің заңдылықтарын зерттеуде көптеген мәліметтер берді.

Спорт физиологиясының басты мақсаты- спорт ойындары, жаттықтыру сабақтары барысында ағзаның дұрыс және қалыпты дамуын зерттеу. Бұл пәннің дамуына үлес қосқан ғалымда р А.Н. Крестовников алғаш рет “ Спорттық физиология” монографиясын 1949ж, ал 1950 жылы оқулығын жазды, сонымен бірге В.С. Фарфель“ Спорт физиологиясы” деген еңбегін жазды. (1960).

Спорттық физиологияның даму тарихында өзінің зор үлесін қосқан ғалымдардың ішінен Николай Васильевич Зимкинді ерекше атауға болады. Ол кафедраны 1961-1975 жылдар аралығында басқарды және осы жылдар аралығында «Адам физиологиясы» окулығын үш басылымда (1964, 1970, 1975) шығарды.



Бақылау сұрақтары:

1. Спорттық физиологияның зерттеу әдістерін атаңыз.

2. Спорт физиологиясының спортшылар мен жаттықтырушылар үшін маңызы қандай?

3. Спорттық физиологияның даму тарихын бейнелеңіз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.А.Ш.Қыдырмолдина. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері. Алматы-2014. 528 бет.

2.Қыдырмолдина А. Спорт физиологиясы. Астана-2013ж. Фолиант баспасы.248б.



3.Солодков А.С., Сологуб Е.Б. Физиология человека. Общая, спортивная, возрастная. Учебник для высших учебных заведений физической культуры. М., Терра-спорт, Олимп Пресс, 2010г.

4. Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры/ под. Ред. Я.М.Коца.- М., ФиС-2004.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет