Пән бойынша глоссарий "Дене тәрбиесі мен cпорт түрлерінің физиологиялық негіздері",


Спорттық физиология пәнінің мазмұны, мақсаты, жалпы даму тарихы



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі22,44 Kb.
#11323
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СФ-каз-1(2) (1)

Спорттық физиология пәнінің мазмұны, мақсаты, жалпы даму тарихы.

«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәнін теориялық тұрғыда оқытудың мақсаты- жоғарғы спорттық жетістіктерге жету және спортшылардың денсаулығын сақтау жолында болашақ жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі оқытушыларын қажетті біліммен қамтамасыз ету. Жаттықтырушы және педагог өз тұрғысында әр түрлі бұлшық ет қызметтері кезінде спортшының ағзасында болатын өзгерістер туралы білуі, оны ғылыми түрде негіздей алуы және осы деректерге сүйене отырып спортшы ағзасын қалыптан тыс шаршау және қажудан сақтау және спортшы денсаулығына зиян келтірмеу жағын білуі қажет.

Спорттық физиологияны оқыту барысындағы бір ерекшелік – мұндағы мағлұматтардың барлығы да адамға тәжірибе жасау негізінде алынған. Сонымен бірге тағыда айта кететін жағдай, спорттық физиологияның негізгі мақсаттарының бірі-адам ағзасының қимыл қозғалысқа дейін және одан кейінгі функционалдық жағдайын салыстырмалы түрде зерттеу. Сондықтан қимыл қозғалыстың әр кезеңінде ағзада болатын өзгерістерді зерттеу тұрғысында әр түрлі жүктемелік әдістер қолданымға ие болды. Осы тұрғыда велоэрометр, жүгіру лентасы (тредбан) әр түрлі биіктіктегі баспалдақтар, сонымен бірге жүрек қан тамыр, тыныс, жүйке жүйесі және бұлшық ет жүйелерінің қызметін қадағалайтын заманауи құралдар қолданысқа ие болды.

Сонымен,– жалпы физиологияның әртүрлі дене жаттығулары кезіндегі органзимнің күйін зерттейтін, машықтану режимін негіздеуші және дене тәрбиенсінің ғылыми негізі болып табылатын физиологиялық факторларды қарастыратын саласы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет