2-тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі (1920-1940). ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының екі кезеңге бөлінуінің себептері. Әр кезеңнің өзіндік сипаты.
Қазақстан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.
Қазақ ақын-жазушыларының Орынбор, Ташкент сияқты орталық қалаларға топтасуы. Олардың арасындағы саяси-әлеуметтік көзқарастарының қайшылықтары. «Сарыарқа», «Абай», «Ақжол», «Шолпан» т.б. басылымдардағы әдеби ой-пікірлер көрінісі. Ұлт азаттығын жырлау жолының күрделенуі, өмірді саяси идеологиядан тыс алып суреттеудің қиындығы. С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармаларындағы дәуір шындығын суреттеудегі ізденістер.
Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуының екі айрық жолға түсуі. Жалпы поэзияда саяси лириканың басым болуы. Тарихи поэмалар, олардың түрлері, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Көркем прозаның дамуы. Драматургия жанрының қалыптасып, дамуы. Трагедия, комедия үлгілері. Қазақстандағы саяси-идеологиялық күрестердің әдебиетке шешуші ықпал жасауы. Әдебиет сынының өріс ала бастауы. Қазақ әдебиетін таптық-идеялық тұрғыдан нығайту жолындағы саяси насихаттың күшеюі. ВКП(б)-ның 1925 жылғы «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты» қаулысының ұлт әдебиеті мен мәдениетінің дамуына тигізген кесірі. Жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың аяғындағы саяси репрессияның ұлттық әдебиеттің өркендеуіне тигізген кері әсері. Социалистік реализм әдістерінің қазақ әдебиетіндегі алғашқы көріністері. Жиырмасыншы жылдардың басындағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімі. Шолпан Иманбаева, Асқар Тоқмағанбетов, Иса Байзақов, Жақан Сыздықов, Ғалым Малдыбаев, Самат Нұржанов сияқты ақындардың қосылуы.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.
Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.
Ағартушылық-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарасының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әр түрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы. Ел өміріндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі.
Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер. Олардың шығармаларындағы жалпы ағартушылық мәселесін, ұлт мүддесін көтерудегі үндестіктер. Шеберлік жағынан әртүрлі дәрежеде болуына қарамастан олардың өзара ұқсаса тақырыптарға қалам тербеуі.
Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.