Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет22/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
19-тақырып М.Мақатаев
Жоспар
1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Кейiнгi жылдары мектептегi әдебиет оқулықтары жетiлдiрiле түстi десек, соның iшiнде 8 сынып оқулық-хрестоматиясы ерекше орын алады. /Алматы. Рауан, 1993 ж. Құрастырушылар: Н.Ғабдуллин, С.Мақпыров, Г.Құрманбаева/. Кiтапта оқушыларды iздендiрерлiк, көркемдiк сапасы жоғары шығармалар сәттi iрiктелiп берiлген. Сөз жоқ, жеке бiр туындыны бөлiп алып, оның көркемдiк табиғатын қалай таныту керек дегенде, алдымен мектеп мұғалiмдерiнiң өлең мен поэманы оқытуда көбiрек қиналатынын еске алмай болмайды. Әрине, iзденiмпаз оқытушы прозалық шығарманы өткенде де, ондағы қаһармандардың қалай, қаншалық мүсiнделгенiн ашу, ашқызумен бiрге ол туындының көркемдiк сипатын, жазушының көрiктеу, айшықтау құралдарын қаншалық ұтымды пайдаланғанын т.б. анықтауды қоса жүргiзедi. Әйтсе де прозаға қарағанда, поэзияда тiлдiң ажарлау, әлемiштеу құралдары ерекше орын алатыны, демек бұл әшекейлердi айқындаудың өлең, поэмада айрықша мәнге ие болатыны,-бәрi ол саладағы мәтінді өтудегi әдiстеме ерекшелiгiне әсер етпей қоймайды. Осы орайда проза, поэзия болсын, көркем шығарманы жалаң мадақтау емес, қайта оқушыларды iздендiрерлiк нақты әдiстеме керектiгi келiп шығады. Шығарма көркемдiгiн таныту дегенде, әдебиет теориясы бойынша берiлмек бастапқы ұғымдардың: эпитет, теңеу, метафора, портрет, сюжет т.б 8 сыныпқа дейiн де мектеп бағдарламасы, оқулықтарында бiршама қамтылып келгенiн, ендi соларды жоғары сыныптарда әрi қарай тереңдете , дамыта түсу керектiгiн ескерген жөн. Сондай iлгерлеушiлiктi талап ететiн көркем туындының бiрi-8 сыныптағы М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы. Дастандағы басты идея: табиғат әсемдiгiн түсiне, бағалай, қорғай бiлу десек, ондағы әр сөз қолданысының сол өзектiнi ашуға бағындырылғанын дәлелдеуден барып шығарма көркемдiгiн айқындау негiзi қаланады. Сондықтан да оқытушы алдымен аққудың рең әсемдiгiн, қимыл-әрекет, үн келiстiлiгiн танытарлық сауалдарды ұсынып, соншама зейнеттiлiк иесiн өлiмге қимау сезiмiнiң туып өрiстеуiне жағдай жасайды.:



  1. Аққулардың рең әсемдiгiн айқындарлық сөздер мен сөз тiркестерiн кiм тауып бередi? Аққудың мүсiн келiстiлiгiн кескiндеген сөздердi кiм дәлелдейдi?

  2. Аққудың жарасты, әдемi әрекеттерiн кiм дөп басып айтады?

  3. Аққу үнiнiң ерекшелiгiн бейнелеген сөздерге назар аударайық.

  4. Оқ тиген аққудың мүшкiл халiн өрнектеген детальдардың поэма идеясын ашудағы ролi?

  1. Сондайтұғын аққулар сондайтұғын,

Ақ мүсiн айдынға көп орнайтұғын.
Әлдилеп ақ төсiнде бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсiнiн тербейтұғын,-
деген үзiндiде "ақ" сөзiнiң 4 рет қайталануы тегiн емес. Бәрiнде "ақ" айқындаулары рең әдемiлiгiн бейнелеп тұр.
Тек сөздiң жеке тұрғандағы мағынасын берумен шектелсек, шығармадағы сөздер үйлесiмiн, олардың бiр-бiрiне әсер етуiн аңғармай қаламыз. Мәселен, келтiрiлген үзiндiдегi "ақ" сөздерi жеке алғандағы рең әсемдiгiн берумен шектелмейдi. Жоқ, бiрiншiден, "ақ" сөздерi бiр-бiрiне әсер етiп, бiрiндегi зейнеттiлiктi екiншiсi дамытып, құп жарасып тұр. Алғашқысы "мүсiн" сөзiн ажарласа, екiншiсi "төсiнде", үшiншiсi -"айдын", төртiншiсi тағы да "мүсiн" сөзiн көрiктендiрумен бiрге бiрiншiсi екiншiсiне дайындық, екiншiсi алғашқыны жалғастырушы ретiнде де жарасым тапқан. Екiншiден, "ақ" көрiктеуiштерi үзiндiдегi басқа сөздердi ажарлай түсуге қызмет етумен қабат өздерi де iргелес сөздер шарпуына бөленiп, соның ықпалымен де әдемiлене түскен. Алғашқы "ақ" эпитетi өзiнен кейiнгi "мүсiн" сөзi әсерiн қабылдаумен бiрге "орнайтұғын" сөзiмен тармақ аяқталуы тұсында үйлескен келiстi сурет жасауға қатысады. Соның аясында жай бiр мүсiн емес, ақ мүсiннiң орнауының өзi ерекшелiк, артықшылық салтанаты ретiнде қабылданады. Сондай-ақ "ақ төсiнде" тiркесi алдында "әлдилеп" сөзi келуi, оған қоса "әлдилеп" тыным бермеу, ол аз болса, тербеу,-бәрi - септесе келе "ақ" түстi аялаушылықты, "ақ" реңiне, яғни белгiлi бiр зейнеттiлiкке сай үйлесудi де жайып салады.
Тағы бiр мысал келтiрейiк:
Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап, ол да көлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр-аппақ нұрға қосылады.
-Мұнда "аппақ" сөздерi 5 рет қайталанады. Бәрiнде әсем реңдi көрiнiс бередi.
-Тағы да сөз бен сөздiң ара салмағына, олардың бiр-бiрiне әсер етуiне көңiл бөлейiк. Мәселен, "аппақ" сөздерi берiлмес бұрын күн нұрының жай бiр белден емес, "асқар" белден шашырауы да сол "аппақ" сөздерiн қабылдауға әзiрлiк емес пе? Асқар белден шашыраған күн нұрын, оның да көлге бас ұруын қызықтап, сонымен әсерленгесiн барып, құстың аппақ екенiн, оған қоса айдынның "аппақ" болуын, сонымен бiрге нұр да "аппақ" түске бөленiп, осы түстердiң қосылуын тамашалау тұсында бiр-бiрiне құп жарасқан, бiрiндегi зейнеттiлiктi екiншiлерi өркештендiре түскен сұлулық үлгiсiне тәнтi боламыз. Сөз бен сөздiң үйлесiмi, олардың бiр-бiрiне әсерi дегенде, олардың қара сөз iшiнде емес, өлеңмен берiлiп, ырғақ, мақам, ұйқас әсерiмен де қанаттана, әшекейлене түсетiнi -өз алдына бiр әңгiме. Мәселен, осы шумақтағыны қара сөзбен айтып көрейiкшi: "Күн нұры асқар белден шашырап түсiп, көлге бас ұрды. Құс айдын, нұр-бәрi аппақ болып, бiр-бiрiне қосылып тұр." Осы суреттемедегi әсемдiк оның алдындағы шумақтағы зейнеттiлiктен көп солғын тартқанын байқау қиын емес. Балалар, сөздiң жеке тұрғандағы мағынасы бар да, өлең iшiнде, өзiне құп жарасқан сөздер аралығында, ырғақ, ұйқас, мақам шарпуына бөленгенде, беретiн мағынасы бар. Алғашқысы жай бiр ұғымды ғана берсе, кейiнгiсi өзiндiк бiр әсемдiк биiгi ретiнде қабылданады. Демек кез келген сөз өлең iшiнде кездескенде, мағынасын көп кеңейтiп, құлпыра түсетiнiн есте ұстайық.

  1. Аққулар ару мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап,-
-үзiндiсiнде аққу мойынын, қанатын ажарлаған "ару", "сүмбе" эпитеттерi құстың келiстi мүсiнiн бiршама елестете алады. Ал, олардың басқа бiр елеусiз затқа емес "күнге" /күннiң ерекшелiк, биiктiк символы екенi белгiлi/ қарап алаңсыз тарануы да сол келiстiлiктi жоталанта түскен.

  1. Аққудың келiстi әрекеттерi мына үзiндiлерде бейнеленген:

1.Жеттi аққулар түгендеп "жетiм көлiн",
Жағалауда ұшып жүр шыр айналып.
2.Тарақ етiп тұмсығын тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бiр түйiр ауырсынып.
3.Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бiрде суға сүңгидi басын малып.
4.Ал, аққулар, аққулар тарануда,
Сусып түсiп су моншақ арқасынан.
Алғашқы мысалда аққулардың алаңсыз өмiрi бейнеленген. Кейiннен көлден аққулардың безiп кеткенiн еске алып, сол мұнарамен байыптасақ, осы бiр алаңсыз "шыр айналып" ұшып жүрудiң өзi қаскүнемдiк жоқтығының, демек тыныштықтың дәлелi ретiнде әсер етедi. Екiншi үзiндiде бiр құм тұрса да "ауырсынып", тұмсығын "тарақ етiп" қауырсынын тараған аққу әрекетiнен де тiршiлiк салтанатын тамашалаймыз. Үшiншiде әйтеуiр қанатын емес, "ақ қанатын", демек әсем реңдi қанатын, сабалауы, онымен қоймай асыр салуы және "басын малып" суға сүңгуi-бәрi жарастылық айнасы. Аққулардың арқасынан су моншақтың сусып түсуiне назар аударту /төртiншiде/ да-бейбiт өмiрдiң әр көрiнiсiн, әр сәтiн бағалай бiлу жемiсi.
Сан айналып, сұңқылдап ұшты-дағы,
Сапар жолға мезгiлсiз түстi-дағы,
…Тау жаңғыртып, тамаша құстың әнi,
Қош айтысып көлменен ұшты бәрi.
Мiне, оқ атылғаннан кейiн аққулардың көлден безе жөнелгенiн зерделеу тұсында жеке бiр "сұңқылдап" сөзiнен көрiнген аққу үнiнiң жағымды ерекшелiгiнiң өзi әрi құсты қимауға, әрi оны атушыны айыптауға бастайды. Ал, сол кету көрiнiсi iшiндегi "тау жаңғыртып" тiркесiнен айқындалған әрi үрiккен құстар үнi қаттылығы, әрi оның соңғы үн салуы екенi көңiл бөлгiзiп, тағы да құсты қадiрлеу сезiмiн тұлғаланта түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет