Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет32/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
19-тақырып М.Мақатаев
Жоспар:
1. Мұқағалидің табиғат лирикасы
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Тапсырмалар:
1. Мұқағалидің табиғат туралы өлеңдеріндегі ерекшеліктер
2. Қ.П.Жүсіптің «Мектепте әдебиетті оқыту» кітабы бойынша «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдаңдар.


20-тақырып О.Бөкей
Жоспар:
1. «Апамның астауы» әңгімесі
2. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі
3. «Атаукере» повесі
Тапсырмалар:
1. «Апамның астауы» әңгімесіндегі кейіпкер апасына мінездеме беріңдер. Ғ.Мүсірепов сомдаған қазақ әйелдерінен қандай айырмасы бар?
2. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесіндегі әкелерді ардақтау идеясына мысал келтіріңдер. Повестегі адам және табиғат мәселесіне тоқталыңдар.
3. «Атаукере» повесіндегі Ерік, Таған бейнелеріне тоқталыңдар.
8 СӨЖ тапсырмалары
Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы оқу-білім мәселесі.
Тақырып бойынша тапсырмалар
1. Дастандағы оқу-білім туралы бәйіттер
2. «Құтты білік» дастаны мен жыраулар толғауларының идеялық ұқсастығы
2. М.Мағауин - әдебиет тарихын зерттеуші.
Тақырып бойынша тапсырмалар

  1. М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» еңбегі

  2. М.Мағауин - «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ай, заман-ай, заман-ай» атты антологияларын құрастырушы

3. Толғау жанрының табиғаты туралы.
Тақырып бойынша тапсырмалар

  1. Толғау жанрының XV-XVII ғасырлардағы үлгілері, ерекшеліктері

  2. Толғау жанрының қалыптасуы, дамуы, оның ерекшелігі

4. Абай өлеңдерінің құрылысы
Тақырып бойынша тапсырмалар
1. «Абай» энциклопедиясындағы Абай өлеңдерінің құрылысына байланысты мақаланы конспектілеңдер.
5. Махамбет-Исатай көтерілісі
Тақырып бойынша тапсырмалар
1. Халел Досмұхамедұлының «Аламан» кітабындағы «Исатай-Махамбет» зерттеуіне тоқталыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет