2-тақырып. Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі Рим әдебиетінің тарихи маңызы және оның антикалық қоғамдағы орны.Римдегі қоғамдық өмір мазмұнының әдебиетте суреттелуі. Әдебиетке дейінгі кезең (б.д.д ІІІ ғ. ортасына дейін). Рим фольклоры: әдет-ғұрыптық істер, фольклорлық драма, халықтық ойындар. Поэзия, проза (жазбалар, заңдар), шешендік сөздер.
Ерте дәуірлік кезең (б.э.д. ІІІғ. Ортасынан – ІІ ғ. ортасына дейін).Римдік тұңғыш ақындар (Ливий Андроник, Гней Невий); римдік эпос, трагедия, комедия,римдік театр.
Республиканың соңғы ғасырының әдебиеті (б.э.д. ІІ ғ. ортасы- Іғ. ортасы).
Гректік риторика мен пәлсапа – римдік қоғамдағы құрал.
Шешендік сөз – саяси күрестегі әрекетшіл құрал және көсемсөзсөздік пішін.
Цицерон Марк Тулий (б.э.д. 106-43ж.) және оның әдебиеттің дамуындағы орны. Сотта сөйлеуге арналған сөздері, шешендік және пәлсапалық трактаттары, хаттары. Оның шығармашылығындағы қиялдағыдай үлгілі мемлекет қайраткері мен саяси соттың тұлғалы шешеннің бейнесі. Цицерон – шешендік сөз өнерінің теоретигі, әлемдік мәдениет үшін маңызы.
Империя кезінің әдебиеті – рим әдебиетінің алтын ғасыры. (август принципатының дәуірі).Бэ.д. І ғ. екінші жартысы – б.э.д. І ғ. басы). Принципат –республикалықтан империяға өтудің түрі. Жаңа кезеңдегі әдебиет пен римдік классикалық стильдің қалыптасуы.
Вергилий Марон Публий (б.э.д. Іғ. Екінші жартысы * Іғ. басы) өмірі, шығармашылығының негізгі кезеңдері. «Буколики»(«Бақташылық жырлары») жинағы; «Георгики»(«Жер өңдеу туралы жырлар») дидактикалық поэмасы.»Энеида» батырлық эпосының мазмұны, композициясы,көркемдігі.
Гораций Квинт Флокк (Бэ.д.Іғ екінші жартысы- Іғ,басы) - өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері.Пәлсапалық көзқарастар. «Эподтар»: жанр дәстүрі және оның римдік шындыққа қатынасы. «Сатиралары»: мазмұны, көркемдік әдіс, стиль ерекшеліктері.
«Одалары»:кітаптар, хронологиясы, грек лирикасымен байланысы, құрылым мен өлшемдік ерекшелік; тақырып (саясат, нақыл-өсиет,пәлсапа, достық, махаббат).Ақын бейнесі. Гораций - әдебиеттің теоретигі, сыншысы. Горацийдің «Арнаунамасы», «Поэзия ғылымы» және Аристотельдің «Поэтикасы». Латын тіліндегі жазба әдебиет және оның ерте замандық орта ғасыр мәдениетіндегі орны. Әдебиетке дейінгі кезең. Шығыс Жерорта теңізінің маңындағы грек тайпалары, олардың көші-қон (миграция) жағдайларының негізгі кезеңдері. Ауызша сөз өнері, орындаушылары, әдеби-мәдени ескерткіштердегі поэзия улгілері.
Мифтік шығармашылық және мифология. Крит- микендік мәдениет және оның грек мифологиясындағы орны. Құдайлар мен жеңімпаздардың ерліктері жайлы өлеңдер, аңыздар. Аэдтар мен рапсодтар, мәтінге қарым-қатынас, орындаушылық шеберлігі және тыңдаушылар ортасы.
Гомер эпостары. Қаһармандары, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Троя соғысындағы тарихи, мифологиялық элементтер. Лирика түрлері. Драманың дамуы. «Илиаданың» мазмұны; әскери-батырлық эпопея. Поэма композициясының ерекшеліктері, сюжетті құрайтын екі желі- Ахиллдің қайраты және Зевстің қаһары.
Батырлар мен құдайлар образдары (Ахилл мен Гектор). «Одиссеяның» мазмұны. Ертегілік, шым-шытырық оқиғалы эпопея. Одиссей және оның достары мен жаулары. Поэманың тілі, стилі. Эпопеядағы авторлық позиция. Гомерлік дәстүрді игеру тарихы және оның қазіргі жағдайы. Ауызша шығару дәстүрі және жеке шығармашылық ерекшелік.Құрлықтық Грецияның шығу текке байланысты шежірелік және дидактикалық эпосы.
Гесиод. Тұңғыш өмірбаян. Халық шығармашылығы мұраларындағы өсиетнамалар және ақылнамалар жанрлары. «Теогония» және мифологиялық дәстүрлерді жүйелеу, қоршаған ортаның қалыптасуы мен тыныс-тіршілігінің бейнеленуі. «Жұмыстар мен күндер», «еңбек»және «әділеттілік» идеялары.