5-тақырып. 17ғ. батыс елдерінің әдебиеті. ХV ғ. ренессанстық гуманизмнің дағдарыстары. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері. ХVІІғ. әдебиетіндегі үш бағыт және оның көрнекті өкілдері.
ХVІІғ. Ренессанстық реализм (Лопе де Вега, Бен Джон Сон). Олардың шығармашылықтарындағы демократиялық бағыттар, негізгі тақырыптар, гуманистік көзқарастар, классицизм мен Барокко өкілдерімен полемика. Авантюралық романдар. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.
Барокко. Ренессанстық және орта ғасырлық барокко мәдениетінің күрделілігі және ішкі қайшылықтары.негізгі тақырыптары. Аристократиялық бағыт. Мәселелердің космостық кеңістігі (Адам және аспан әлемі) және бейнелеу жүйесі.Бейнелеу мен сәулет өнеріндегі барокко.
Класссицизм. Классицизмнің эстетикалық теориясының бастау көздері: кереметтік идеалы туралы түсінік. Біртұтастық теориясы (орын, уақыт, әрекет).
Көркемдік әсер алу бірлігінің ұғымы. «Жоғары» трагедия мен «Жоғары» комедия туралы түсінік.
Классицизм әдебиетінің тақырыбы мен кейіпкері. «Мәңгілік типтер» секілді кейіпкерлер.
Шекспир дәстүріндегі театрдан классицизм театрының айырмашылықтары. ХVІІғ.француз классицизмінің екі кезеңі. (Корнель классицизмі және Расин классицизмі.)
ХVІІғ итальян әдебиеті.Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің маңызы. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар (кампанелла, Күн қаласы).Әдебиеттегі аристократиялық гадонизм. Марино шығармашылығындағы Барокко.
ХVІІғ. неміс әдебиеті. Он үш жылдық соғыстың экономикалық, саяси зардаптары. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары. Грифиустың «Отанның көз жасы» туындысы.
Гиммелсхаузеннің «Симплиции симплициссумус» романы.Оның соғысқа, феодализмге қарсылық бағыты. Романдағы демократиялық, бостандық сүю ойлары. Романның көркемдік ерекшеліктері, пәлсапалық ирония, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.
ХVІІғ. испан әдебиеті. Әдебиеттегі ренессанстық реализм. Ұлттық драма теориясы.Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары. «Қой қайнары» батырлық драмасы. «Севиль жұлдызы» драмасындағы дворяндыққа қарсылық сыны. Лопе де Вега поэзиясындағы оптимизм. Испан прозасындағы саяси сатира, консептизм. Гонгор және гонгоризм.
Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокконың саяси және көркемдік принциптерінң басты билеушісі. Кальдеронның «Өмір деген түс» атты пәлсапалық драмасы. Кальдерон драматургиясының кейіакерлер жүйесі, аллегориялық пернелеу. Пәссапалық пайымдау. Оқиға және кейіпкер. Кейіпкерлер тілі.