№1 есеп Бала 2 жүктіліктен (1 – жүктіліктің ерте мерзімінде түсік). Жүктілік 1 триместрде үзілу қаупімен, анемиямен өткен, УДЗ-де аз сулылық анықталған. Анасында герпестік инфекция бар бірақ жүктілік кезінде оның көріністері болған жоқ. Жүктіліктің 8 айында ЖРВИ-мен ауырған. Босану 38-39 аптада, туылғандағы салмағы 2650 гр., бойы 49 см., Апгар бойынша – 7 балл. 2-ші тәулікте балада еңбегі кернеліп, клоникалық-тоникалық тырысулар, құсу, есінен жоғалуы, дене қызуының 390С дейін жоғарылауы байқалды. Ликворограммада – плеоцитоз лимфоциттердің басым болуымен, белок саны артқан.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№2 есеп Нәресте 2 жүктіліктен, 2 туыттан. Жүктілік 1 триместрде 1 дәрежелі анемиямен және токсикозбен, 2 триместрде ЖРВИ-мен өткен. Жүктіліктің соңғы айында жыныс мүшелерінен бөліністер әйелді мазалаған, бірақ ем жүргізген жоқ. Туыт жүктіліктің 38-39 аптасында. Салмағы 3100 гр. бойы 50 см, бірден айқайлады. Апгар шкаласы бойынша бағалау – 8 балл.
Өмірінің 3-ші күнінде баланың қабақтары ісініп, склераның инъекциясы байқалды, көзінен алғашында шырышты, артынан іріңді бөліністер бөлінді. Бірнеше күннен кейін жөтел пайда болды, артынан ұстама түріндегі жөтелге айналды. Бұл кезде баланың жалпы жағдайы болмашы ғана нашарлады, тәбеті сақталған, дене қызуы қалыпты. Өкпесінде тынысы қатаң, 2 жақта да ылғалды ұсақ көпіршікті және аздаған көлемде құрғақ сырылдар естіледі.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№3 есеп Нәресте 2 жүктіліктен, 2 туыттан. Жүктілік 1 триместрде 1 дәрежелі анемиямен және токсикозбен, 2 триместрде жүктіліктің үзілу қаупімен, 37 аптада созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туыт жүктіліктің 37 аптасында болды, туылғандағы дене салмағы 2100 гр., бойы 47 см. Бірден айқайлады, Апгар шкаласы бойынша 7-8 баллмен бағаланды.
Өмірінің 5 күнінде баланың кіндік жарасынан алдымен серозды, артынан іріңді бөліністер бөлінді, кіндігінің айналасындағы терісі ісіңкі, қызарған. Жергілікті ем жүргізілді. 7 тәулікте дене қызуы жоғарылап, бала емшектен бас тартты, лоқсыды, артынан құсу, клоникалық-тоникалық тырысулар, еңбегінің кернелуі байқалды. Терісі топырақ түстес, іші кебіңкі, нәжісі жиі, шырышпен және жасыл түспен, жағымсыз иіспен. Сусыздану симптомдары. Бауыры ұлғайған, терісінде геморрагиялық бөртпенің бірнеше элементтері. Жағдайының ауырлығы бойынша жансақтау бөлімшесінде жатқызылды.
Сұрақтар:
Диагноз құраңыз.
Осы патологиялық жағдайдың туындауына әкелген мүмкін себептер мен факторлар.
Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай тексеру әдістері қажет?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№4 есеп 7 күндік нәресте. Ішінің төменгі жағында, шап қатпарларында, аяқтарында эритематозды дақтар пайда болды, дақтардың үстінде өлшемдері 0,2-0,5 см болатын ішінде серозды-іріңді сұйықтығы бар көпіршіктер бар. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған, тәбеті сақталған, дене қызуы 37,20С.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№5 есеп Әлеуметтік жағдайы төмен отбасында туылған 10 күндік нәрестенің кіндік айналасының терісінде, шап қатпарларында гиперемия пайда болды, ол артынан қошқыл-қызыл түске айналып, денесіне, аяқ-қолдарына тарады. Артынан зақымдалған теріде сылбыр көпіршіктер, сызаттар, суланулар пайда болды. Никольский симптомы (+). Баланың жағдайы ауыр, дене қызуы жоғары, енжар, емшектен бас тартты.
Сұрақтар:
Диагноз қойыңыз.
Осы патологияның мүмкін себептері, оның этиологиясы.
Баланы тексеру қажет пе?
Нәрестені ары қарай жүргізу тактикасы (тамақтандыру, күтім, ем).
№5 тақырып. Рахит.
№1 есеп Профилактикалық қарауға 3 айлық баласымен анасы келді. Туылғандағы дене салмағы 3500 г., қазір – 5 600 г. Бала 2 айынан бастап жасанды тамақтандырылуға көшірілген. Соңғы кездері шүйде шаштары түсіп, тершеңдік, ұйқысының мазасыздығы байқалған.
Қараған кезде үлкен еңбектерінің қырларының жұмсаруы және иілгіштігі, бүйір еңбектерінің аймақтары мен шүйде сүйектерінің жұмсаруы (краниотабес) байқалады. Басын вертикалды қалыпта әлсіз ұстайды. Ішкі мүшелері жағынан патология жоқ.
Сұрақтар:
1. Жіктелу бойынша диагноз қойыңыз.
2. Аурудың дамуына қандай себептер ықпал етті?
3. Балаға қандай ем тағайындаған жөн?
4. Балаға қандай арнайы ем көрсетілген?
№2 есеп 6 айлық бала 1 айынан бастап жасанды тамақтандырылады. Қазіргі кезде айран тұтас қабылдайды. Салмағын жақсы қосады. 1 айлық жасында Д2 витаминінің майлы ерітіндісін 230 000 ХБ дозасында тығыздалған әдіспен қабылдаған. Қарағанда бала мазасыз емес, тамақтануы дұрыс. Маңдай және төбе дөңестері, «таспиықтар», «білезіктер» эпигастралды бұрыштың сыртқа айналуы байқалады. Отырмайды, арқасынан ішіне, ішіне арқасына нашар айналады. Аяғының үлкен саусағын аузына еркін салады. Іші жайылып жатыр, бауыры ығысқан, ұлғайған.
Сұрақтар:
1. Толық диагноз қойыңыз.
2. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдістерін жүргізу керек?
3. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн?
№3 есеп Дәрігерге 4 айлық баласымен ана келді, бала тек ана сүтімен тамақтанады. Анасының шағымдары: бала аяғын тіремейді, жалпы тершеңдік пайда болды, кейде мазасыз. Қарағанда: бас формасы өзгерген (шүйдесі жалпайған), үлкен еңбегі – 5х6 см, басы «төртбұрыш». Кеуде торы деформацияланған, бүйірлері қысылған, төменгі апертура сыртқа айналған, қабырғаларында «таспиықтар». Аяқтары өзгеріске ұшырамаған. Бұлшық ет гипотониясы, «құрбақа» іші, сүйек рентгенограммасында: өсу зоналары кеңейген, остеоидты тіндердің шамадан тыс өсіп кеткені, остеопороз байқалады.
Сұрақтар:
1. Сіздің диагноз
2. Осы диагнозды болжау үшін қандай клиникалық көріністер байқалып тұр?
3. Осы науқастағы диагнозды рентгонологиялық мәліметтер тұжырымдай ма?
4. «Құрбақа» іші симптомы аурудың қандай көріністерімен байланысты?
5. Осы жағдайда көрсетілген арнайы емес емді көрсетіңіз. Тамақтану коррекциясы жүргізілді.
№4 есеп Стационарға пневмония бар деген күдікпен 7 айлық бала жатқызылды. Анықталғандай, ол осыдан 1 ай бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда бала боз, үлкен еңбегі 2,5х3,5 см, шүйде және маңдай дөңестері айқын. Кеуде торының алдыңғы бетінде «таспиықтар» байқалады. Бұлшық ет гипотониясы байқалады, бала отырмайды, тұрмайды. Тыныс жеткіліксіздігі бар.
Сұрақтар:
1. Қысқа мерзім ішінде тыныс жолдарының қайталамалы ауруы немен байланысты?
2. Осы фондық ауруды қандай клиникалық көріністер көрсетеді?
3. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн?
№5 есеп Дәрігердің қабылдауына 3 айлық баласымен ана келді, анасының шағымдары: бала үркек (қатты дыбыстардан шошынып, жылайды) мазасыз, нашар ұйықтайды, қатты терлейді. Анықталғандай, ана баласына сиыр сүтін береді, аз серуендейді, массаж, гимнастика жасамайды. Қарағанда шүйденің жалпаюы, үлкен еңбектің қырларының жұмсарғаны байқалады. Баланың терісі боз, ісіңкі. ЖЖЖ минутына 120 рет, ТЖ – 35 рет/мин. Бала қарауға жылап жауап береді.
Сұрақтар:
1. Диагноз қойыңыз.
2. Балаға қандай емдеу шараларын жүргізген жөн?
№6 есеп 1,5 айлық бала. Шала туылған, туылғандағы дене салмағы 2100 гр., бойы 44 см. 1,5 айда 1300 гр. қосты. 2 аптасынан бастап В айранмен жасанды тамақтандырылады. Айраннан басқа ештеңе қабылдамайды. Ретсіз тамақтандырылады. Қарағанда шүйде аймағының тегістеулі, шашының түсуі, үлкен еңбектің қырларының жұмсарғаны байқалады. Бала соңғы 2-3 аптада ұйқысы бұзылып, тітіркенгіш, үркек болды. Шамадан тыс терлегіштік, әсіресе ұйықтаған кезде терлеуі байқалады.
Сұрақтар:
1. Толық диагноз қойыңыз (дәрежесі, кезеңі)
2. Рахитке ықпал еткен факторларды көрсетіңіз
3. Балаға қандай негізгі емдеу шараларын жүргізген жөн?