«Галлереяға саяхат» әдісі . (Қолданылу саласы мен кең таралған нитраттар бойынша берілген суреттерді қабырғаға іле отырып суреттерді сөйлетеді, қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсынады. Идеяларын қорғайды немесе мұғалім ұсынған ресурстан бөлек өзіндік идеяларын ұсына алады. Қосымша мәтін беріледі)
Бағалау:Эдвард Бононың «6 қалпақ»әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды. (Топтарға 6 түрлі қалпақ ұсынылады. Әр критерийге сәйкес түсті қалпақ көтеру арқылы бағаланады.)
Бағалау критерийлері: Тақырып мазмұнының ашылуы (ақ қалпақ)
Креативтілігі (жасыл қалпақ)
Жұмыстың безендірілуі (сары қалпақ)
Топтағы оқушылардың толық қамтылуы, белсенділігі (қызыл қалпақ)
Қорытындылануы (көк қалпақ)
Ұсыныс (қара қалпақ)
Қорытынды:Мұғалім жоғарыда аталған әдіс арқылы топтарды өзі бағалайды. Топтардың бір – бірін бағалауына толықтыру беріп өтеді. Жалпы мәтінмен жұмысты түйіндейді.