Иммундық қорғаныстың жасушалық және гуморальды механизмдері бар.
Иммундық қорғаныстың жасушалық механизмдері негізінен Т-лимфоциттер мен
макрофагтар арқылы жүзеге асады, олар шырышты қабық асты қабатында орналасқан және
МАЛТ (шырышты қабатпен байланысты лимфоидты тін) құрамына кіреді. Бірінші ретті Т-
хелперлері (CD4, Th I) IFN-g синтездейді, белсендірілген макрофагтарды қабыну ошағына
тартады және кешіктірілген жоғары сезімталдықтың дамуына делдалдық жасайды. Маңызды
қорғаныс рөлін CD8 (цитотоксикалық) лимфоциттер атқарады, олар контактілі цитотоксикалық
(перфориндер мен гранзимдердің өндірілуіне байланысты) жүзеге асырады. Екінші (Th II) ретті
Т-хелперлер (CD4) В-лимфоциттердің активтенуін және антиденелердің түзілуін қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: