Пән: Информатика бағдарламалау негіздерімен. Тақырыбы


Пиксель қатары және пиксель бағаны (вертикальная и горизонтальная строка)



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі258 Kb.
#16819
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Дәріс 20

Пиксель қатары және пиксель бағаны (вертикальная и горизонтальная строка). Пиксель қатары – бұл құралды тандай отырып тышқан көмегімен кескіндегі жүгіртпе пунктир түріндегі сызықты белгілей аламыз. Пиксель бағаны - бұл жоғардағы сайманың қызметіндей қызмет атқарады, бірақ горизанталь емес вертикаль түрінде белгіленеді.



Лассо. Белгіленген барлық аймақты бөліп алады.



"Сиқырлы таяқша" (волшебная палочка). Түстердің ұқсастығына байланысты пиксельдерді бөліп алады.


Сурет салу және бояу құралдары:







Өшіргіш (ластик). Кескін пиксельдерінің түпнұсқасын фондық түспен бояу арқылы өшіру үшін қолданылады.






Қалам (карандаш). Өткір шеттері бар сызықтарды салуға мүмкіндік береді.





Пипетка. Негізгі және фондық түске кескіннен алынған түсті немесе "Синтез" және "Каталог" палитраларынан алуға мүмкіндік береді.




Стрелка. Түйін нүктелерінің орын ауыстыруы арқылы контурдың формасын өзгертуге қолданылады.







Редактрлеу құралдары:






Мәтін (текст). Биттік мәтін құруға мүмкіндік береді.






Қол (рука). Экранға сыймай қалған кескін бөліктерін көруге мүмкіндік береді.






Масштаб. Кескінді үлкейтеді және кішірейтеді.






Орын ауыстыру (перемещение). Ерекшеленген аймақтарды, қабаттарды және бағыттауыштарды орын ауыстыруда қолданылады.


Суретті бояу құралдары:






Саусақ (палец). Кеппеген бояуды саусақпен жағу эффектісін қайталайды.






Штамп. Тура немесе кескін элементтерінің өзгерген көшірмесін және сол кескіндегі немесе басқа құжаттағы түстік үлгілерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді.






Жарықтату (осветлитель). Кескіннің жеке бөліктерін жарықтандыруға мүмкіндік береді.







Жұмыс ортасын күйге келтіру құралдары:






Стандартты режимде редактрлеу. Photoshop-пен жұмыс істегенде негізгі функциялар режимін орындайды. Мұнда ерекшеленген аймақ қозғалып тұрған пунктирлік шекаралар арқылы көрінеді.






Жылдам маска режимінде редактрлеу (редактирование в режиме Быстрой маски). Уақытша маскаларды құруда және редактрлеуде қолданылады. Бұл бір уақытта маскаларды және кескіндерді көруге мүмкіндік береді.

Меңзер –бұл «құрал -саймандар» меню алаңында орналасқан көрсеткіш. Қолданушы оның көмегімен қажетті құрал-саймандарды таңдайды, сызықтардың енін анықтайды, бояулар өрнегін таңдайды.

Сурет салуға қажетті түстерді таңдау

Меңзер экран алаңында түстер палитрасымен қатар орналасқан. Онда түстер фоны мен суреттің түсін таңдауға болады. Кейбір графиктік редакторларда қолданушының палитраны өзгерту мүмкіндігі бар.

Сыртқы құрылғымен жұмыс

Бұл режимде операцияларды (дискіге, флешкага суретті жазу, дискіден суретті оқу және т.б.) орындау мен қағазға графиктік бейнелерді шығруға болады.

Adobe Photoshop – бұл фотография мен суреттерді редакторлау мен құруға негізделген программа.



Adobe фирманың атауы. Осы фирмада төмендегідей программалар жасақталған:

  • Adobe Illustrator – векторлық графика редакторы. Бұл программаның версиясы PDF форматындағы файлдарды редакторлау мен оны ашуға мүмкіндік береді.

  • Adobe Dimentions – үшөлшемді графика редакторы. Бұл программа Macintosh типті компьютерлер үшін жасақталған.

  • Adobe Streamline – сканерден өткізілген нүктелі бейнелерді векторлық графикаға түрлендіруге негізделген программа.

  • Adobe Photoshop –нүктелі графика редакторы.

  • Adobe Pagemarker – полиграфиялық және типографиялық баспалардың құжаттарын түрлендіруге негізделген программа және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет