Пән: Информатика бағдарламалау негіздерімен. Тақырыбы



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі34 Kb.
#16818
түріБағдарламасы
  1   2   3

Дәріс №20.
Пән: Информатика бағдарламалау негіздерімен.
Тақырыбы: Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау негіздері.
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.

Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет- бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкнідіктер ұсынады.



Интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.

Барлық әлем қазіргі күні телефондық қоңырау қашықтығында тұр. Модем мен компьютерге ие бола отырып, сендер әлемдегі ең үлкен компьютерлік желімен – Интернетпен байланыс жасай аласыңдар (егерде сендердің жолдарың болып жатса, онда модем де керек емес: көптеген колледжілер мен бірлестіктер өз студенттері мен қызметкерлеріне Интернетке тура қатынауға мүмкіндік береді)

Модем – бұл компьютер мен телефон желісінің арасындағы аудармашыдай. Оның керек болуы телефон желілері мен компьютерлер ақпаратты екі әр түрлі және үйлеспейтін тәсілдермен береді және өңдейді. Компьютерлер сандар тілінде «сөйлеседі» – олар ақпараттарды сандардың тізбегі түрінде жөнелтеді және сақтайды. Телефондық желілер осцилограф экранында толқындар секілді көрінетін аналогтық сигналдармен жұмыс істейді. Сендердің компьютерлерің мәліметтерді телефон желісі бойынша басқа компьютерге беруге дайын болған кезде, модем компьютерден сандарды сондай толқындарға түрлендіреді, яғни оларды «модульдейді». Егерде сендердің модемдеріңе ақпарат толқындар түрінде келетін болса, онда оларды компьютерге түсінікті сандарға түрлендіреді – «кері модульдейді». Барған сайын жиі-жиі құрамдас модемдері бар компьютерлерді шығаруда. Егерде сендердің компьютерлеріңде ондай жоқ болса, онда өздеріңе сатып алатын модемнің ақпаратты жеткізу жылдамдығы қандай болуы тиісті екендігін шешуге тура келеді. Модемнің жылдамдығы секунд ішіндегі биттермен (бодпен) өлшенеді. Бидтың мөлшері – бұл бір секунд ішінде модем жеткізе немесе қабылдай алатын биттің саны. Әріп немесе символ сегіз биттен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет