Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Табиғат физикасы. Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі89,05 Kb.
#115760
1   2   3   4
Байланысты:
1 2-бөлім №4. 2-сабақ. Кері итеруші күш деген не

Сабақтың ортасы
25 минут



Кім күшті?
Жаздыгүні кім өзен, көл, теңізге барып көрді?
Кім суда жүзе алады?
Кім белуардан суға еніп көрді?
Белден асатын суға кірген кезде қандай сезімде болдың?
Суретте не бейнеленген?
Үлкен тасты кім көтереді?
Зерттеу жұмысы
«Кері итеруші күш қалай әсер етеді?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Суға салған дене массасы неге жеңілдейді?»
1. Резеңке жіптің бір ұшын қа­рындашқа іле салатындай ілмек жасаңдар.
2. Ермексаздан домалақтап шар жасаңдар.
3. Резеңке жіптің екінші ұшына ермексаздан жасалған шарды бекітіңдер.
4. Резеңкенің ілмегінен ауада ұстап тұрып, келесі ұшы­на бекітілген шардың резеңкені қаншалықты созатынын сызғышпен өлшеңдер.
5. Резеңкеге бекітілген шарды толығымен суға батырса, не болатынына болжам жасаңдар.
6. Резеңкенің бір ұшынан ұстап тұрып, бекітілген шар­ды толығымен суға батырыңдар (бірақ түбіне жеткізбеңдер). Резеңкенің созылуын сызғышпен өлшеңдер.
7. Екі жағдайдағы резеңке жіптің созылу нәтижесін бақылап, қорытынды жасаңдар.
Ойлан.
Су астында жатқан тастарды басып жүргенге қарағанда жағалауда жатқан тастардың үстімен жүрген кезде тастар табанға батып, аяқты неліктен ауыртады?
Сен білесің бе?
Кеме қандай материалдардан жасалады деп ойлайсыңдар?
Кеме неліктен суға батып кетпейді?
Өзіндік жұмыс. 57-жұмыс парағы.
ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.




  1. резеңке жіп;

  2. ермексаз;

  3. су құйылған стақан;

  4. сызғыш.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет